Осакаров ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 28 ақпандағы № 11/01 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 2024 жылғы 8 тамыздағы № 67/03 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 14 тамызда № 6632-09 болып тіркелді

      Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Осакаров ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 28 ақпандағы № 11/01 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5731 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Осакаров ауданының әкімі Р. Нурмуханбетов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Осакаров аудандық

      мәслихаты

  Осакаров ауданы
әкімдігінің
2024 жылғы 8 тамыздағы
№ 67/03 қаулысына қосымша
  Осакаров ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 28 ақпандағы
№ 11/01 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;

      2) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;

      3) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      4) психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      5) бухгалтер.

      2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);

      2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының (директорының) орынбасары;

      3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік жетекшісі;

      4) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бас бухгалтері;

      5) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бөлімінің басшысы;

      6) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бас әкімші;

      7) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның кітапхана меңгерушісі (басшысы);

      8) әкімші (негізгі қызметтер);

      9) аккомпаниатор;

      10) балетмейстер;

      11) библиограф;

      12) кітапханашы;

      13) дыбыс режиссері;

      14) барлық атаудағы инженер (негізгі қызметтер);

      15) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);

      16) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);

      17) музыкалық жетекші;

      18) редактор (негізгі қызметтер);

      19) режиссер;

      20) қоюшы режиссер;

      21) хореограф;

      22) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);

      23) бухгалтер;

      24) барлық мамандықтағы инженер;

      25) инспектор;

      26) аудармашы;

      27) мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның шаруашылық қызмет көрсетумен айналысатын құрылымдық бөлімшенің жетекшісі: шаруашылық;

      28) костюмер;

      29) жарық аппаратурасы бейне жазба, дыбыс жазба операторы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады