Осакаров аудандық мәслихатының 2023 жылғы 31 қазандағы № 12/110 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 тамыздағы № 23/219 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 3 қыркүйекте № 6645-09 болып тіркелді

      Аудандық маслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осакаров аудандық мәслихатының 2023 жылғы 31 қазандағы № 12/110 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6511-09 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:

      7-тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "4) Осакаров ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқитын мүгедектігі бар балалар және балалары бар көп балалы отбасыларға жартыжылдықта бір рет 50% мөлшерінде ата-ана жарналарына шығындарды өтеуге;";

      7-тармақтың 5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "5) Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңның 3 -бабының 1 тармағына сәйкес ардагерлерге табыстарын есепке алмай, жылына бір рет, 14 күннен аспайтын санаторий-курорттық емдеуге мүгедектігі бар адамдар үшін белгіленген санаторий-курорттық емдеуге кепілдендірілген сомасынан аспайтын жұмсалған шығындарды өтеуге әлеуметтік көмек көрсету;

      мүгедектігі бар балалардың ата-анасына немесе өзге де заңды өкілдеріне және бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдармен еріп жүретін адамдарға санаторий-курорттық емдеуге жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, бір рет санаторлық-курорттық емдеу құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманың 70 (жетпіс) пайызы мөлшерінде.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың төрағасы К. Саккулаков

О внесении изменений в решение Осакаровского районного маслихата от 31 октября 2023 года № 12/110 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"

Решение Осакаровского районного маслихата Карагандинской области от 28 августа 2024 года № 23/219. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Карагандинской области 3 сентября 2024 года № 6645-09

      Районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Осакаровского районного маслихата от 31 октября 2023 года № 12/110 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №6511-09) следующие изменения:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан, утвержденных указанным решением:

      подпункт 4) пункта 7 изложить в новой редакции:

      "4) на возмещение затрат на родительские взносы в размере 50% один раз в полугодие семьям с детьми с инвалидностью и многодетным семьям, имеющим детей, воспитывающихся и обучающихся в дошкольных организациях образования Осакаровского района;";

      подпункт 5) пункта 7 изложить в новой редакции:

      "5) в соответствии с пунктом 1 статьи 3 Закона Республики Казахстан "О ветеранах" ветеранам без учета доходов на возмещение затрат на санаторно-курортное лечение не более 14 дней 1 раз в год, но не более гарантированной суммы санаторно-курортного лечения, установленной для лиц с инвалидностью;

      родителям или иным законным представителям детей с инвалидностью и лицам, сопровождающим лиц с инвалидностью первой группы на санаторно-курортное лечение единовременно без учета среднедушевого дохода в размере 70 (семидесяти) процентов от гарантированной суммы, предоставляемой в качестве возмещения стоимости санаторно-курортного лечения.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечению десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель районного маслихата К. Саккулаков