"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес, Приозерск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Приозерск қаласының сайлау комиссиясымен бірлесіп барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 2/1 "Приозерск қаласының аумағында Қазақстан Республикасы Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіне партиялық тізімдер бойынша, облыстық және қалалық мәслихат депутаттарына үміткерлерінің сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайларды және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды анықтау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3648 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Приозерск қаласының әкімі | М. Ахметов |
"КЕЛІСІЛДІ":
Приозерск қалалық
сайлау комиссиясы
Приозерск қаласының әкімдігінің 2024 жылғы 29 ақпандағы № 10/39 қаулысына қосымша |
Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар
№ | Елді мекен атауы | Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар |
1 | Приозерск қаласы | Көкжиек көшесіндегі "Березка" дүкеніне қарама-қарсы ақпараттық тақта |
2 | Приозерск қаласы | Балқаш және Кисунько көшелерінің қиылысындағы ақпараттық тақта |
3 | Приозерск қаласы | Кисунько көшесіндегі "Грей" дүкені ғимаратының алдындағы ақпараттық тақта |
4 | Приозерск қаласы | Пушкин көшесіндегі "777" дүкеніне қарама-қарсы ақпараттық тақта |
5 | Приозерск қаласы | Б. Момышұлы көшесі, № 12/1 үйдің артқы жағындағы ақпараттық тақта |