Приозерск қаласының аумағында Қазақстан Республикасы Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіне партиялық тізімдер бойынша, облыстық және қалалық мәслихат депутаттарына үміткерлерінің сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайларды және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды анықтау туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 2/1 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 4 ақпанда № 3648 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкімдігінің 2024 жылғы 29 ақпандағы № 10/39 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкімдігінің 29.02.2024 № 10/39 (оның алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясына, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңына сәйкес Приозерск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіне партиялық тізімдер бойынша, облыстық және қалалық мәслихат депутаттарына үміткерлердің үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар анықталсын (№ 1 қосымша).

      2. Қазақстан Республикасы Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіне партиялық тізімдер бойынша, облыстық және қалалық мәслихат депутаттығына үміткелердің сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайлар берілсін (№ 2 қосымша).

      3. Приозерск қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 5/7 "Приозерск қаласының аумағында Қазақстан Республикасы Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіне партиялық тізімдер бойынша, облыстық және қалалық мәслихат депутаттарына үміткерлерінің сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайларды және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды анықтау туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдері мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 2 наурызда № 8-4-223 тіркелген, "Приозерский Вестник" газетінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 5 (214) санында жарияланған) қаулының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің аппарат басшысының міндетін атқарушы А.Исатаевқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімінің міндетін атқарушы Д.Сәденов

  2016 жылғы "21" қаңтардағы
№ 2/1 қала әкімдігінің
"Приозерск қаласының аумағында
Қазақстан Республикасы Президенттігіне,
Қазақстан Республикасы Парламент
Мәжілісіне партиялық тізімдер бойынша,
облыстық және қалалық мәслихат
депутаттарына үміткерлерінің сайлаушылармен
кездесу өткізу үшін үй-жайларды және үгіттік
баспа материалдарын орналастыру үшін
орындарды анықтау туралы"
қаулысына № 1 қосымша

Қазақстан Республикасы Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіне партиялық тізімдер бойынша, облыстық және қалалық мәслихат депутаттарына үміткерлердің үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындардың тізбесі

Елді мекен атауы

Орналасу орны

Приозерск қаласы

"Березка" дүкенінің маңында орналасқан хабарландыру тақтасы

"Интернет кафе" дүкенінің маңында орналасқан хабарландыру тақтасы

Приозерск қаласының "Қазақтелеком" Акционерлік қоғамының бөлімшесі ғимараты маңында орналасқан хабарландыру тақтасы

Қалалық базардың жанында орналасқан хабарландыру тақтасы

Орталық алаңдағы хабарландыру тақтасы

  2016 жылғы "21" қаңтардағы
№ 2/1 қала әкімдігінің
"Приозерск қаласының аумағында
Қазақстан Республикасы Президенттігіне,
Қазақстан Республикасы Парламент
Мәжілісіне партиялық тізімдер бойынша,
облыстық және қалалық мәслихат
депутаттарына үміткерлерінің сайлаушылармен
кездесу өткізу үшін үй-жайларды және үгіттік
баспа материалдарын орналастыру үшін
орындарды анықтау туралы"
қаулысына № 2 қосымша

Қазақстан Республикасы Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіне партиялық тізімдер бойынша, облыстық және қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлердің сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайлардың тізбесі

Елді мекен атауы

Кездесу өтетін орны

Приозерск қаласы

"Приозерск қаласының "Достық"
балалар-жас өспірімдер орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының акт залы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады