Приозерск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Приозерск қалалық мәслихатының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 12/74 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6538-09 болып тіркелген) келесі толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
2-тараудың 7-тармағы мынадай мазмұндағы 27-3) тармақшасымен толықтырылсын:
"27-3) ардагерлерге табыстарын есепке алмай, жылына 1 рет, 14 күннен аспайтын санаторий-курорттық емдеуге растайтын құжаттар (орындалған жұмыстар актісі, шот-фактура және фискалдық төлем чегі) негізінде мүгедектігі бар адамдар үшін белгіленген санаторий-курорттық емдеудің кепілдендірілген сомасынан аспайтын жұмсалған шығындарды өтеуге әлеуметтік көмек көрсету. Санаторлық-курорттық емделуге жеке абилитация және оңалту бағдарламасы әзірленген мүгедектігі бар ардагерлерге санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек төленбейді;".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат төрағасы | А. Исатаев |