"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қызылорда облысының қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2019 жылғы 18 маусымдағы № 325 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6832 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы | Н. Байкадамов |