Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 маусымдағы № 489 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5557 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
"1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мәдениет, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.";
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысы әкімінің міндетін атқарушы | Д. Жаналинов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қызылорда облыстық мәслихатымен
Қызылорда облысы әкімдігінің 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 201 қаулысына қосымша |
Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы " 15 " маусымдағы № 489 қаулысына қосымша |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мәдениет, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1. Мәдениет саласында:
1) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы (директоры) және басшысының (директорының) орынбасары, (әкімшілік-шаруашылық мәселелер жөніндегі басшысының (директорының) орынбасарынан басқа), мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын филиалының басшысы (директоры);
2) көркемдік жетекшісі, бас: қор сақтаушы, редактор, режиссер, балетмейстер, дирижер, хормейстер, суретші;
3) әдеби-драмалық бөлім, режиссерлық, музыкалық бөлім, көркемдік қойылым бөлімі, педагогикалық бөлім, өндірістік шеберхана, әдістемелік кабинет, қалпына келтіру шеберханасы, кітапхана, зертхана меңгерушісі (басшысы), сектор басшысы;
4) ғылыми қызметкерлер (бас, жетекші, аға, кіші);
5) біліктілігі жоғары, орташа деңгейлердегі мамандар (жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ): аккомпаниатор, аккомпаниатор-концертмейстр, барлық атаудағы әртістері, музейлер қорын есепке алу архивисті, археограф (негізгі қызметтер), балетмейстер, библиограф, кітапханашы, дирижер, дыбыс режиссері, барлық атаудағы инженер (негізгі қызметтер), кинорежиссер, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), музыкалық жетекші, палеограф, режиссер, қоюшы-режиссер, хормейстер, қор сақтаушы, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер), экскурсовод, археолог, режиссер ассистенті, арт-менеджер, тарихшы (негізгі қызметтер), өнертанушы, продюсер, редактор (негізгі қызметтер), хореограф.
2. Архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласында:
1) мемлекеттік мекеме басшысы (директоры) және басшының (директорының) орынбасары, мемлекеттік мекеме филиалының басшысы (директоры);
2) бас қор сақтаушысы, архив қоймасының меңгерушісі;
3) біліктілігі жоғары, орта деңгейлердегі мамандар (жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ): архивист, археограф, палеограф, суретші-реставратор.