Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Жаңартылған

Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 маусымдағы № 489 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 13 шілдеде № 5557 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабы 2) тармақшасына, 139-бабы 9-тармағына және "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Қызылорда облысының әкімдігі қаулысының жобасына келісім беру туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 1 маусымдағы № 35 шешіміне сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мәдениет, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 26.12.2024 № 201 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р. Кенжеханұлына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2016 жылғы "15" маусым
№ 489 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мәдениет, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 26.12.2024 № 201 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Мәдениет саласында:

      1) мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы (директоры) және басшысының (директорының) орынбасары, (әкімшілік-шаруашылық мәселелер жөніндегі басшысының (директорының) орынбасарынан басқа), мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын филиалының басшысы (директоры);

      2) көркемдік жетекшісі, бас: қор сақтаушы, редактор, режиссер, балетмейстер, дирижер, хормейстер, суретші;

      3) әдеби-драмалық бөлім, режиссерлық, музыкалық бөлім, көркемдік қойылым бөлімі, педагогикалық бөлім, өндірістік шеберхана, әдістемелік кабинет, қалпына келтіру шеберханасы, кітапхана, зертхана меңгерушісі (басшысы), сектор басшысы;

      4) ғылыми қызметкерлер (бас, жетекші, аға, кіші);

      5) біліктілігі жоғары, орташа деңгейлердегі мамандар (жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ): аккомпаниатор, аккомпаниатор-концертмейстр, барлық атаудағы әртістері, музейлер қорын есепке алу архивисті, археограф (негізгі қызметтер), балетмейстер, библиограф, кітапханашы, дирижер, дыбыс режиссері, барлық атаудағы инженер (негізгі қызметтер), кинорежиссер, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), музыкалық жетекші, палеограф, режиссер, қоюшы-режиссер, хормейстер, қор сақтаушы, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер), экскурсовод, археолог, режиссер ассистенті, арт-менеджер, тарихшы (негізгі қызметтер), өнертанушы, продюсер, редактор (негізгі қызметтер), хореограф.

      2. Архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласында:

      1) мемлекеттік мекеме басшысы (директоры) және басшының (директорының) орынбасары, мемлекеттік мекеме филиалының басшысы (директоры);

      2) бас қор сақтаушысы, архив қоймасының меңгерушісі;

      3) біліктілігі жоғары, орта деңгейлердегі мамандар (жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ): архивист, археограф, палеограф, суретші-реставратор.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады