"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы" Қазалы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 2 наурыздағы №284 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4933 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазалы аудандық мәслихатының төрағасы | Ғ. ӘЛІШ |