Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 02 наурыздағы № 284 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 01 сәуірдегі № 4933 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 6 мамырдағы № 223 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 06.05.2024 № 223 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Қоса беріліп отырған бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
      "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасын бекіту туралы" Қазалы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 ақпандағы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4630 санымен тіркелген, 2014 жылғы 19 сәуірдегі "Қазалы" газетінде жарияланған) № 187 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихаттың
      кезектен тыс ХХХХ сессиясының хатшысы
      төрағасы
      Ө.Түктібай Т.Бөріқұлақов

  Қазалы аудандық мәслихатының
2015 жылғы "2" наурыздағы
№ 284 шешімімен бекітілген

Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудiң қағидасы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабының 6-тармағына сәйкес әзiрлендi және кент, қала, ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудiң тәртiбiн белгiлейдi.
      2. Әйтеке би кентінің, Қазалы қаласының және ауылдық округтердiң аумағындағы кенттің, қаланың, ауылдың, көшенiң, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындары (бұдан әрi - бөлек жиын) жергiлiктi қоғамдастықтың жиынына қатысу үшiн өкiлдердi сайлау мақсатында шақырылады және өткiзiледi.

2. Бөлек жиындарды өткiзу тәртiбi

      Бөлек жиынды қаланың, кенттің және ауылдық округтiң әкiмi шақырады.
      Қазалы ауданы әкiмiнiң жергiлiктi қоғамдастық жиынын өткiзуге оң шешiмi бар болған жағдайда бөлек жиынды өткiзуге болады.
      Жергiлiктi қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсiлдермен олар өткiзiлетiн күнге дейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрiлмей хабардар етiледi.
      Кент, қала, ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй шегiнде бөлек жиынды өткiзудi қаланың, кенттің және ауылдық округтiң әкiмi ұйымдастырады.
      Бөлек жиынды ашудың алдында тиiстi кенттің, қаланың, ауылдың, көшенiң, көппәтерлi тұрғын үйдiң қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тiркеу жүргiзiледi.
      Бөлек жиынды кент, қала және ауылдық округ әкiмi немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға ашады.
      Кент, қала және ауылдық округ әкiмi немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
      Бөлек жиынның хаттамасын рәсiмдеу үшiн ашық дауыспен хатшы сайланады.
      Жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн кент, қала, ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындары өкiлдерiнiң кандидатуралары қосымшаға сәйкес сандық құрамда бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
      Жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн кент, қала, ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындары өкiлдерiнiң саны тең өкiлдiк ету қағидаты негiзiнде айқындалады.
      Дауыс беру ашық түрде әрбiр кандидатура бойынша дербес жүргiзiледi. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледi.
      Бөлек жиында хаттама жүргiзiледi, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны тиiстi кент және ауылдық округі әкiмiнiң аппаратына бередi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады