"Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, олардың пайдалану тәртібі мен шекті толу нормаларын, материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" Жаңақорған ауданы мәслихатының 2020 жылғы 25 маусымдағы № 467 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 231 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 20 тамызда № 8549-11 болып тіркелді

      Жаңақорған ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, олардың пайдалану тәртібі мен шекті толу нормаларын, материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" Жаңақорған ауданы мәслихатының 2020 жылғы 25 маусымдағы № 467 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7538 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      1-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) Жаңақорған кенті:

      Б. Дүйсенбаев көшесі бойында орналасқан "Қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған аллеясы", шекті толу нормасы - 200 адамға дейін;

      Хорасан-Ата көшесі бойында орналасқан "Praim Park" саябағы автотұрағының аумағы, шекті толу нормасы - 250 адамға дейін;";

      2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Жаңақорған кенті бойынша бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін жүру бағыты:

      Абай Құнанбаев көшесі №№ 92-154 тұрғын үйлер аралығы, шекті толу нормасы - 250 адамға дейін;

      Б. Дүйсенбаев көшесі №1 тұрғын үйден бастап Әл-Мумин мешітіне дейін, шекті толу нормасы - 200 адамға дейін;

      Бейбіт жиналыстарға қатысушылардың болжамды саны бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормаларынан асып кетпеуі тиіс.";

      3 және 4-тармақтар алынып тасталсын;

      18-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "18. Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары мынадай болып айқындалсын:

      1) жаппай жерлеу орындарына іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 800 метр;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілеріне іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 800 метр;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс -тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 800 метр;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 800 метр;

      5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарға, ұлттық электр желісіне, магистральдық байланыс желілеріне іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 800 метр.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жаңақорған ауданы мәслихатының төрағасы Ғ. ЖАРҚЫНБЕК

О внесении изменений в решение маслихата Жанакорганского района от 25 июня 2020 года № 467 "Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка их использования и норм их предельной заполняемости, требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест, а также границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования"

Решение Жанакорганского районного маслихата Кызылординской области от 16 августа 2024 года № 231. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 20 августа 2024 года № 8549-11

      Маслихат Жанакорганского района РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата Жанакорганского района от 25 июня 2020 года № 467 "Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка их использования и норм их предельной заполняемости, требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест, а также границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 7538) следующие изменения:

      в приложении к указанному решению:

      подпункт 1) пункта 1 изложить в новой редакции:

      "1) поселок Жанакорган:

      "Аллея памяти жертв репрессий", расположенного по улице Б.Дуйсенбаева, норма предельной заполняемости - до 200 человек;

      территория автостоянки парка "Praim Park", расположенного по улице Хорасан-Ата, норма предельной заполняемости - до 250 человек;";

      пункт 2 изложить в новой редакции:

      "2. Маршрут следования для организации и проведения мирных собраний по поселку Жанакорган:

      улица Абая Кунанбаева между жилыми домами №№92-154, норма предельной заполняемости - до 250 человек;

      улица Б.Дуйсенбаева от жилого дома №1 до мечети Аль-Мумин, норма предельной заполняемости - до 200 человек;

      Предполагаемое количество участников мирных собраний не должны превышать нормы предельной заполняемости специализированных мест для организации и проведения мирных собраний.";

      пункты 3 и 4 исключить;

      пункт 18 изложить в новой редакции:

      "18. Определить следующие границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования:

      1) в 800 метрах от границы территорий, прилегающих к местам массовых захоронений;

      2) в 800 метрах от границы территорий, прилегающих к объектам железнодорожного, водного, воздушного и автомобильного транспорта;

      3) в 800 метрах от границы территорий, прилегающих к организациям, обеспечивающим обороноспособность, безопасность государства и жизнедеятельность населения;

      4) в 800 метрах от границы территорий, прилегающих к опасным производственным объектам и иным объектам, эксплуатация которых требует соблюдения специальных правил техники безопасности;

      5) в 800 метрах от границы территорий, прилегающих к магистральным железнодорожным сетям, магистральным трубопроводам, национальной электрической сети, магистральным линиям связи.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата Жанакорганского района Ғ. ЖАРҚЫНБЕК