"Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, олардың пайдалану тәртібі мен шекті толу нормаларын, материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" Шиелі аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 маусымдағы № 55/3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 2 тамыздағы № 18/4 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 8 тамызда № 8545-11 болып тіркелді

      Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, олардың пайдалану тәртібі мен шекті толу нормаларын, материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы" Шиелі аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 маусымдағы № 55/3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7558 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      2 және 3-тармақтар алынып тасталсын;

      17-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "17. Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары мынадай болып айқындалсын:

      1) жаппай жерлеу орындарына іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 800 метр;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілеріне іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 800 метр;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 800 метр;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 800 метр;

      5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарға, ұлттық электр желісіне, магистральдық байланыс желілеріне іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 800 метр.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шиелі аудандық мәслихат төрағасы А. Жандарбеков

О внесении изменений в решение Шиелийского районного маслихата от 25 июня 2020 года № 55/3 "Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка их использования и норм их предельной заполняемости, требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест, а также границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования"

Решение Шиелийского районного маслихата Кызылординской области от 2 августа 2024 года № 18/4. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 8 августа 2024 года № 8545-11

      Шиелийский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Шиелийского районного маслихата от 25 июня 2020 года № 55/3 "Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка их использования и норм их предельной заполняемости, требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест, а также границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 7558) следующее изменения:

      в приложении к указанному решению:

      пункты 2 и 3 исключить;

      пункт 17 изложить в новой редакции:

      "17. Определить следующие границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования:

      1) в 800 метрах от границы территорий, прилегающих к местам массовых захоронений;

      2) в 800 метрах от границы территорий, прилегающих к объектам железнодорожного, водного, воздушного и автомобильного транспорта;

      3) в 800 метрах от границы территорий, прилегающих к организациям, обеспечивающим обороноспособность, безопасность государства и жизнедеятельность населения;

      4) в 800 метрах от границ территорий, прилегающих к опасным производственным объектам и иным объектам, эксплуатация которых требует соблюдения специальных правил техники безопасности;

      5) в 800 метрах от границы территорий, прилегающих к магистральным железнодорожным сетям, магистральным трубопроводам, национальной электрической сети, магистральных линиям связи.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Шиелийского районного маслихата А. Жандарбеков