Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Өмірзақ ауылының шекарасын (шегін) белгілеу туралы" Ақтау қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 2266 және Ақтау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 6/68 бірлескен қаулысы мен шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3266 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы бірлескен қаулы және шешімге қосымшаға сәйкес Ақтау қаласының Өмірзақ ауылының шекаралары белгіленсін.";
көрсетілген бірлескен қаулы және шешімге қосымша осы бірлескен қаулы және шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтау қаласының әкімі | А. Байпаков |
Ақтау қалалық мәслихатының төрағасы | С. Закенов |
Ақтау қаласының Өмірзақ ауылының шекаралары
"КЕЛІСІЛДІ" |
"КЕЛІСІЛДІ" |
"КЕЛІСІЛДІ" |
Ескертпе:
аббревиатураның ажыратылып жазылуы: га – гектар