Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығаруының 35-жылдығына Қарақия ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу туралы

Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 13/106 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 3 сәуірде № 4688-12 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 22.08.2024 № 17/137.

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 22.08.2024 № 17/137 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі ) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығаруының 35-жылдығына Қарақия ауданы азаматтарының келесі жекелеген санаттарына 50 (елу) мың теңге мөлшерінде қосымша әлеуметтік көмек белгіленсін:

      1) Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына;

      2) бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің Ауғанстан аумағында уақытша болған және кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің құрамына енбеген жұмысшылар мен қызметшiлеріне;

      3) 1979 жылғы 1 желтоқсан – 1989 жылғы желтоқсан аралығындағы кезеңде Ауғанстанға жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлеріне.

      2. Әлеуметтік көмек алушылардан өтініштері талап етілмей, бір рет көрсетіледі.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қарақия аудандық мәслихатының төрағасы Ж. Қалаубай

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды

      үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар

      басқармасы" мемлекеттік мекемесі

Об установлении размера дополнительной социальной помощи отдельным категориям граждан Каракиянского района к 35-летию вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан

Решение Каракиянского районного маслихата Мангистауской области от 28 марта 2024 года № 13/106. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области 3 апреля 2024 года № 4688-12. Утратило силу решением Каракиянского районного маслихата Мангистауской области от 22 августа 2024 года № 17/137.

      Сноска. Утратило силу решением Каракиянского районного маслихата Мангистауской области от 22.08.2024 № 17/137 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      В соответствии с Законами Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и "О ветеранах", Каракиянский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Установить к 35 – летию вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан дополнительную социальную помощь в размере 50 (пятьдесят) тысяч тенге следующим отдельным категориям граждан Каракиянского района:

      1) семьям военнослужащих, погибших (пропавших без вести) или умерших вследствие ранения, контузии, увечья, заболевания, полученных в период боевых действий в Афганистане;

      2) рабочим и служащим Комитета государственной безопасности бывшего Союза Советских Социалистических Республик, временно находившимся на территории Афганистана и не входившим в состав ограниченного контингента советских войск;

      3) рабочим и служащим, направлявшимся на работу в Афганистан в период с 1 декабря 1979 года по декабрь 1989 года.

      2. Социальная помощь оказывается единовременно, без истребования заявлений от получателей.

      3. Настоящее решение вводится в действие после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Каракиянского районного маслихата Ж. Қалаубай

      "СОГЛАСОВАНО"

      Государственное учреждение

      "Управление координации занятости и

      социальных программ Мангистауской области"