"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №117 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №33763 болып тіркелген) сәйкес Маңғыстау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімге 1 қосымшаға сәйкес Маңғыстау ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі айқындалсын.
2. Осы шешімге 2 қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Маңғыстау аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау аудандық мәслихатының төрағасы | Е. Махмутов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Маңғыстау облысының жұмыспен
қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы"
мемлекеттік мекемесі
Маңғыстау аудандық мәслихатының | |
2024 жылғы 16 сәуірдегі | |
№ 11/83 шешіміне 1 қосымша |
Маңғыстау ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі
1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Маңғыстау ауданында тұратын, Қазақстан Республикасының аумағында жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығындарды;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын жайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырылады.
3. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) (әрі қарай – Тұрғын үй көмегін беру қағидасы) айқындалған тәртіппен тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті беруші есептейді.
4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдалануға шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушының осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді органдар белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі 3 (үш) пайыз мөлшерінде, ал жалғызілікті зейнеткерлер (ерлі-зайыптылар) және барлық топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін 1 (бір) пайыз мөлшерінде белгіленеді.
Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде пайдалы алаңы бір адамға 15 (он бес) шаршы метрден кем емес және 18 (он сегіз) шаршы метрден артық емес мөлшерде, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес алаң нормасы қабылданады.
5. Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №33200 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңнамаға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк актіге өкілеттігі күшімен негiзделген өкiлi) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тоқсанына бір рет Тұрғын үй көмегін беру қағидаларына сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталына жүгінеді.
Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкімет" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын қабылдаған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.
7. Тұрғын үй көмегі көрсетілген қызмет алушыларға шығындар сметасына және коммуналдық қызметтерді төлеуге шоттарына сәйкес кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттар бойынша бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
8. Тұрғын үй көмегін тағайындау көрсетілетін қызметті алушыларға тиісті қаржы жылына арналған аудан бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
9. Көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй көмегін төлеуді көрсетілетін қызметті беруші есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырады.
Маңғыстау аудандық мәслихатының | |
2024 жылғы 16 сәуірдегі | |
№ 11/83 шешіміне 2 қосымша |
Маңғыстау аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібін айқындау туралы" Маңғыстау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 1 тамыздағы №18/192 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3700 болып тіркелген).
2. "Маңғыстау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 1 тамыздағы №18/192 "Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Маңғыстау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 13 қаңтардағы №35/393 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4107 болып тіркелген).
3. "Маңғыстау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 1 тамыздағы №18/192 "Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Маңғыстау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 20 наурыздағы №36/405 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4165 болып тіркелген).
4. "Маңғыстау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 1 тамыздағы №18/192 "Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Маңғыстау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №43/479 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4419 болып тіркелген).
5. "Маңғыстау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 1 тамыздағы №18/192 "Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Маңғыстау аудандық мәслихатының 2021 жылғы 21 қазандағы №8/60 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №25019 болып тіркелген).
6. "Маңғыстау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 1 тамыздағы №18/192 "Маңғыстау ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Маңғыстау аудандық мәслихатының 2022 жылғы 18 мамырдағы №13/140 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №28158 болып тіркелген).
7. "Маңғыстау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 1 тамыздағы №18/192 "Маңғыстау ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Маңғыстау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 мамырдағы №3/21 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4575-12 болып тіркелген).
8. "Маңғыстау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 1 тамыздағы №18/192 "Маңғыстау ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Маңғыстау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы №7/51 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4655-12 болып тіркелген).