Маңғыстау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 1 тамыздағы № 18/192 "Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 20 наурыздағы № 36/405 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 1 сәуірде № 4165 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 16 сәуірдегі 2024 жылғы № 11/83 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 16.04.2024 № 11/83 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 қыркүйектегі №726 "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысына сәйкес, сонымен қатар "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы №10-15-118 ұсынысының негізінде Маңғыстау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. "Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібін айқындау туралы" Маңғыстау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 1 тамыздағы №18/192 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3700 болып тіркелген, 2018 жылы 24 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      1 қосымшада:

      кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Осы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы", 2004 жылғы 5 шілдедегі "Байланыс туралы" заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі №512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы", 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулыларына сәйкес әзірленді және аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібін айқындайды.";

      6 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысы тұрғын үй көмегін алуға жүгінген кезінде тапсырылған құжаттардың негізінде анықталады.

      Отбасының жиынтық табысы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 5 қаңтардағы №2 "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі №237-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 19825 болып тіркелген) сәйкес есептеледі.";

      9 тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын.

      2. "Маңғыстау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Е.Қалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және Маңғыстау ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары Е.Махмутовқа жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Б. Кусимбаев
      Маңғыстау аудандық мәслихатының хатшысы А. Сарбалаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады