Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Мұнайлы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 23 қазандағы №6/41 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4631-12 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімге 1- қосымшада:
6-тармақтың 6) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"6) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдарға, олардың жесiрлерiне, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына, 1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға, тылда еңбек еткен және әскери қызмет өткерген адамдарға санаториялық-курорттық емделуге табыстарын есепке алмай, жылына 1 рет, бірақ кепілдік берілген сомадан артық емес және темір жол көлігінде жол жүру құнын төлеу;".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мұнайлы аудандық мәслихатының төрағасы | Б. Билялов |