Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облыстық мәслихатының "Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 172 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27716 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы | С. Ещанов |
Мәслихаттың | |
2024 жылғы 12 шілдедегі | |
№ 150 шешіміне | |
қосымша | |
Қостанай | |
облысы мәслихатының | |
2022 жылғы "20" сәуірдегі | |
№ 172 шешіміне | |
қосымша |
Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері
Реті бойынша номір | Арнайы су пайдаланудың түрі | Өлшем бірлігі | Төлемақы мөлшерлемелері |
1 | Тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтер | теңге/1 000 текше метр | 203,9 |
2 | Өнеркәсiп, жылу энергетикасын қоса есептегенде | теңге/1 000 текше метр | 581,6 |
3 | Ауыл шаруашылығы | теңге/1 000 текше метр | 160,4 |
4 | Су көздерiнен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары | теңге/1 000 текше метр | 160,4 |