Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы мәслихатының 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 172 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 22 сәуірде № 27716 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Су кодексінің 38-бабы 5)-тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы С. Ещанов

  Мәслихаттың
  2022 жылғы 20 сәуірдегі
  № 172 шешіміне
  қосымша

Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы мәслихатының 12.07.2024 № 150 шешімімен (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Реті бойынша номір

Арнайы су пайдаланудың түрі

Өлшем бірлігі

Төлемақы мөлшерлемелері

1

Тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтер

теңге/1 000 текше метр

203,9

2

Өнеркәсiп, жылу энергетикасын қоса есептегенде

теңге/1 000 текше метр

581,6

3

Ауыл шаруашылығы

теңге/1 000 текше метр

160,4

4

Су көздерiнен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары

теңге/1 000 текше метр

160,4

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады