Мәслихаттың 2020 жылғы 18 тамыздағы № 506 "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2024 жылғы 10 шілдедегі № 104 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 11 шілдеде № 10237-10 болып тіркелді

      Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы" 2020 жылғы 18 тамыздағы № 506 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9392 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 2-қосымшасының 20-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "20. Мынадай объектілердің іргелес аумақтарының шекараларынан 800 метр қашықтықта пикеттеуді өткізуге жол берілмейді:

      1) жаппай жерлеу орындары;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілері және оларға іргелес жатқан аумақтар;

      3) қаланың қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтар;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтар;

      5) магистральдық теміржол желілері, магистральдық құбыржолдары, ұлттық электр желісі, магистральдық байланыс желілері және оларға іргелес жатқан аумақтар.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай қалалық мәслихаты төрағасының міндеттерін уақытша атқарушы А. Исмаилов

О внесении изменения в решение маслихата от 18 августа 2020 года № 506 "Об организации и проведении мирных собраний"

Решение маслихата города Костаная Костанайской области от 10 июля 2024 года № 104. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Костанайской области 11 июля 2024 года № 10237-10

      Костанайский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата "Об организации и проведении мирных собраний" от 18 августа 2020 года № 506 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 9392) следующее изменение:

      пункт 20 приложения 2 к указанному решению изложить в новой редакции:

      "20. Не допускается проведение пикетирования на расстоянии 800 метров от границ прилегающих территорий следующих объектов:

      1) места массовых захоронений;

      2) объекты железнодорожного, водного, воздушного и автомобильного транспорта и прилегающих к ним территорий;

      3) территории, прилегающие к организациям, обеспечивающим обороноспособность, безопасность города и жизнедеятельность населения;

      4) территории, прилегающие к опасным производственным объектам и иным объектам, эксплуатация которых требует соблюдения специальных правил техники безопасности;

      5) магистральные железнодорожные сети, магистральные трубопроводы, национальной электрической сети, магистральные линии связи и прилегающие к ним территории.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Временно исполняющий обязанности председателя Костанайского городского маслихата А. Исмаилов