Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы" 2020 жылғы 18 тамыздағы № 506 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9392 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасының 20-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"20. Мынадай объектілердің іргелес аумақтарының шекараларынан 800 метр қашықтықта пикеттеуді өткізуге жол берілмейді:
1) жаппай жерлеу орындары;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілері және оларға іргелес жатқан аумақтар;
3) қаланың қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтар;
4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтар;
5) магистральдық теміржол желілері, магистральдық құбыржолдары, ұлттық электр желісі, магистральдық байланыс желілері және оларға іргелес жатқан аумақтар.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай қалалық мәслихаты төрағасының міндеттерін уақытша атқарушы | А. Исмаилов |