Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 120 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 9 сәуірде № 10171-10 болып тіркелді

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына сәйкес Рудный қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі айқындалсын.

      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Рудный қалалық мәслихатының кейбір шешімдердің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат төрағасы А. Искаков

  Мәслихаттың
  2024 жылғы 28 наурыздағы
  № 120 шешіміне
  1-қосымша

Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда Рудный қаласында, Қашар, Горняцк кенттерінде, Перцев ауылында тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындауды "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады.

      3. Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық табысын "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) (бұдан әрі - Қағидалар) айқындалған тәртіппен есептейді.

      4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдалану шығыстарына ақы төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушының осы мақсаттарға шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

      Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі 5 (бес) пайыз мөлшерінде.

      Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде пайдалы алаңы бір адамға 15 (он бес) шаршы метрден кем емес және 18 (он сегіз) шаршы метрден артық емес мөлшерде, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес алаң нормасы қабылданады.

      5. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тоқсанына бір рет Қағидаларға сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүгінеді.

      Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкімет" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.

      7. Тұрғын үй көмегі көрсетілген қызметті алушыларға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      8. Тұрғын үй көмегін тағайындау қала бюджетінде тиісті қаржы жылына көзделген қаражат шегінде көрсетілетін қызметті алушыларға жүзеге асырылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй көмегін төлеуді көрсетілетін қызметті берушімен есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың немесе қызмет көрсетушілердің жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырады.

  Мәслихаттың
  2024 жылғы 28 наурыздағы
  № 120 шешіміне
  2-қосымша

Рудный қалалық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Мәслихатының 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 467 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6153 болып тіркелген).

      2. Мәслихаттың "Мәслихатының 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 467 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 31 мамырдағы № 25 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6505 болып тіркелген).

      3. Мәслихаттың "Мәслихатының 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 467 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 11 наурыздағы № 349 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8296 болып тіркелген).

      4. Мәслихаттың "Мәслихатының 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 467 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 28 сәуірдегі № 458 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9159 болып тіркелген).

      5. Мәслихаттың "Мәслихатының 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 467 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 90 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26281 болып тіркелген).

      6. Мәслихаттың "Мәслихатының 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 467 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2023 жылғы 5 маусымдағы № 29 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10017 болып тіркелген).

      7. Мәслихаттың "Мәслихатының 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 467 "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2023 жылғы 2 қарашадағы № 77 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10080 болып тіркелген).

Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи

Решение маслихата города Рудного Костанайской области от 28 марта 2024 года № 120. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Костанайской области 9 апреля 2024 года № 10171-10

      В соответствии со статьей 97 Закона Республики Казахстан "О жилищных отношениях" Рудненский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить размер и порядок оказания жилищной помощи согласно приложению 1 к настоящему решению.

      2. Признать утратившими силу некоторые решения Рудненского городского маслихата согласно приложению 2 к настоящему решению.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель городского маслихата А. Искаков

  Приложение 1
  к решению маслихата
  от 28 марта 2024 года
  № 120

Размер и порядок оказания жилищной помощи

      1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам) (далее - услугополучатель), постоянно зарегистрированным и проживающим в городе Рудном, поселках Качар, Горняцкий, селе Перцевка в жилище, которое находится на праве собственности как единственное жилище на территории Республики Казахстан, а также нанимателям (поднанимателям) жилища из государственного жилищного фонда и жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, на оплату:

      расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума;

      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций;

      расходов за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Расходы услугополучателя, принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.

      2. Назначение жилищной помощи осуществляется государственным учреждением "Рудненский городской отдел занятости и социальных программ" (далее - услугодатель).

      3. Совокупный доход услугополучателя исчисляется услугодателем, в порядке, определяемом приказом Министра промышленности и строительства Республики Казахстан "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" от 8 декабря 2023 года № 117 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33763) (далее - Правила).

      4. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, и предельно допустимым уровнем расходов услугополучателя на эти цели.

      Предельно допустимый уровень расходов к совокупному доходу услугополучателя установлен в размере пяти (5) процентов.

      При назначении жилищной помощи принимается норма площади в размере не менее 15 (пятнадцати) квадратных метров и не более 18 (восемнадцати) квадратных метров полезной площади на человека, но не менее однокомнатной квартиры или комнаты в общежитии.

      5. Выплата компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам осуществляется в соответствии с приказом Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 июля 2023 года № 295/НҚ "Об определении размера и утверждении Правил компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33200).

      6. Услугополучатель (либо его представитель в силу полномочия, основанного на доверенности, законодательстве, решении суда либо административном акте) обращается за назначением жилищной помощи один раз в квартал в некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее - Государственная корпорация) или веб-портал "электронного правительства", согласно Правилам.

      Срок рассмотрения документов и принятия решения о предоставлении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе со дня принятия полного комплекта документов от Государственной корпорации, либо через веб-портал "электронного правительства" составляет 8 (восемь) рабочих дней.

      7. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам о ежемесячных взносах на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума согласно смете расходов и счетам на оплату коммунальных услуг за счет бюджетных средств услугополучателям.

      8. Назначение жилищной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных в бюджете города на соответствующий финансовый год, услугополучателям.

      9. Выплата жилищной помощи услугополучателю осуществляется услугодателем через банки второго уровня путем перечисления начисленных сумм на лицевые счета получателей жилищной помощи или поставщиков услуг.

  Приложение 2
  к решению маслихата
  от 28 марта 2024 года
  № 120

Перечень признанных утратившими силу некоторых решений Рудненского городского маслихата

      1. Решение маслихата "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи" от 18 декабря 2015 года № 467 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6153).

      2. Решение маслихата "О внесении изменений в решение маслихата от 18 декабря 2015 года № 467 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи" от 31 мая 2016 года № 25 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6505).

      3. Решение маслихата "О внесении изменений в решение маслихата от 18 декабря 2015 года № 467 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи" от 11 марта 2019 года № 349 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 8296).

      4. Решение маслихата "О внесении изменений в решение маслихата от 18 декабря 2015 года № 467 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи" от 28 апреля 2020 года № 458 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 9159).

      5. Решение маслихата "О внесении изменений в решение маслихата от 18 декабря 2015 года № 467 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи" от 29 декабря 2021 года № 90 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 26281).

      6. Решение маслихата "О внесении изменения в решение маслихата от 18 декабря 2015 года № 467 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи" от 5 июня 2023 года № 29 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10017).

      7. Решение маслихата "О внесении изменения в решение маслихата от 18 декабря 2015 года № 467 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи" от 2 ноября 2023 года № 77 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10080).