Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 28.03.2024 № 120 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына сәйкес мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 467 шешіміне (2016 жылғы 22 ақпанда "Рудненский рабочий" қалалық газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6153 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Тұрғын үй көмегі тоқсанына бір рет "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) тағайындалады.
Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалына не www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталына балама негізде өтініш береді және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11015 болып тіркелген) көрсетілген құжаттарды ұсынады.";
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"3. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін Стандарттың 4-тармағымен көзделген мерзімде ұсынады.";
11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"11. Тұрғын үй көмегінің мөлшері уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін алуға ниет білдіруші отбасының (азаматтың) жиынтық табысын негізге ала отырып, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7412 болып тіркелген) сәйкес анықталады.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.