Мәслихаттың 2023 жылғы 29 қарашадағы № 64 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2024 жылғы 11 қазандағы № 150 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 18 қазанда № 10287-10 болып тіркелді

      Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мәслихаттың "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 29 қарашадағы № 64 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10107-10 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) ""Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорациясы) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      4) әлеуметтік көмек – жергілікті атқарушы органы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай нысанда көрсететін көмек;

      5) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган – ауданның әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы;

      6) ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;

      7) жан басына шаққандағы орташа кіріс – отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;

      8) мерекелік күндер (бұдан әрі – атаулы күндер) – Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;

      9) уәкілетті мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      10) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеп-қарау жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия;

      11) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.";

      4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Әлеуметтік көмек көрсету үшін мереке күндері мен атаулы күндердің тізбесі:

      1) Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні - 15 ақпан;

      2) Чернобыль апатын Халықаралық еске алу күні - 26 сәуір;

      3) Отан қорғаушылар күні - 7 мамыр;

      4) Жеңіс күні - 9 мамыр;

      5) Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні - 29 тамыз.";

      5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. Мереке және атаулы күндерге арналған әлеуметтік көмек азаматтардың келесі санаттарына табыстары есепке алынбай, бір рет көрсетіледі:

      1) Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні – 15 ақпан:

      бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі – КСР Одағы) үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес Ауғанстан аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда) 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлерге 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ ұрыс қимылдары жүргізілген Ауғанстанда әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілерге 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына, 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      2) Чернобыль апатын Халықаралық еске алу күні – 26 сәуір:

      1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысқан адамдарға 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апат салдарынан мүгедектігі анықталған адамдарға 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасыларына 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың отбасыларына, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың әсеріне байланысты болған азаматтарға 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      3) Отан қорғаушылар күні – 7 мамыр:

      бұрынғы КСР Одағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес, осы Қағидалардың 5-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген адамдарды қоспағанда, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерiне, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда) 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      1992 жылғы қыркүйек - 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      1986-1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілерге 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде қызметтік міндеттерін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген, бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      басқа елдердегі майдандағы әскери контингенттерге қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдары жүргізілген кезеңде жаралануы, контузия алуы, мертігуі не ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген тиісті санаттардағы жұмысшылар мен қызметшілерге 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      ұрыс қимылдары жүргізілген басқа елдерде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      4) Жеңіс күні - 9 мамыр:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 1500000 (бір миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген адамдарға:

      майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда Ұлы Отан соғысы кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшiлерге, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының еріктi жалдамалы құрамының адамдарына 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк балалары (тәрбиеленушiлерi) және юнгалар ретiнде болған адамдарға 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шет елдердiң аумағында партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да фашизмге қарсы құралымдар құрамында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдарға 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағы Қатынас жолдары халық комиссариатының, Байланыс халық комиссариатының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтерілу құрамының, Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы бас басқармасының ұшу-көтерілу құрамының арнаулы құралымдарының Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шекаралары, флоттардың жедел аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерi үшін мiндеттер атқарған қызметкерлеріне, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында еріксіз ұсталған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерiне 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшiлерге 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға 60000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      1944 жылғы 1 қаңтар - 1951жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Украина КСР, Беларусь КСР, Литва КСР, Латвия КСР, Эстония КСР аумағында болған халықты қорғаушы жойғыш батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлерi мен командалық құрамы қатарындағы, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға 60000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің ата-аналары және екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне, екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) 30000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) 30000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрыңғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрыңғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдарға 30000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;

      келесі санаттағы адамдарға 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі:

      Социалистік Еңбек Ерлеріне, үш дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің иегерлеріне;

      "Қазақстанның Еңбек Ері", "Халық қаһарманы" атақтарына ие болған адамдарға;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн (қызметтік мiндеттерді) атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан қаза болған (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердің, партизандардың, астыртын әрекет етушiлердің, көрсетілген Заңның 4 - 6 - баптарында аталған адамдардың отбасыларына;

      Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе шабуылына қарсы қорғаныстың объектiлiк және авариялық командаларының өзiн – өзi қорғау топтарының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасыларына, Ленинград қаласының госпитальдары мен ауруханаларында қаза тапқан жұмыскерлерінiң отбасыларына;

      бұрынғы КСР Одағы Қорғаныс министрлiгiнің, ішкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының әскери мiндеттілер жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi қорғау жөнiндегi міндеттерді орындау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлерінiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасыларына;

      бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына;

      5) Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні – 29 тамыз:

      азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі радиациялық апаттар мен аварияларды жоюға қатысқан, сондай-ақ тікелей ядролық сынақтарға қатысқан адамдарға 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі радиациялық апаттар мен авариялар, ядролық сынақтар салдарынан мүгедектігі белгіленген адамдарға және олардың мүгедектігі ата-анасының біреуінің радиациялық сәулеленуіне генетикалық байланысты балаларына 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

      азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасыларына 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың отбасыларына, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты азаматтарға 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.";

      6-тармақтың 10) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "10) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне кірістерді есепке алмағанда, бір мезгілде 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде";

      6-тармақ мынадай мазмұндағы 14) және 15) тармақшалармен толықтырылсын:

      "14) бірінші топтағы мүгедектерге оларды алып жүретін адамдарға мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторий-курорттық емдеуге арналған шығындарды өтеу үшін әлеуметтік қызметтер порталы арқылы санаторий-курорттық емделуді ұсынатын ұйымдарға, бірақ табысын есепке алмағанда, жылына 1 рет, бір алып жүретін адамнан артық емес, уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын, тиісті қаржы жылына арналған әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдарға өткізу кезінде санаторий-курорттық емдеу құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманың жетпіс пайызынан аспайтын мөлшерінде;

      15) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, Заңның 7 - бабының 5, 6 - баптарында, 1)-4) тармақшаларында көрсетілген ардагерлерге санаторий-курорттық емделуге жолдаманың нақты құнын өтеуге, Қазақстан Республикасының шегінде, кірісін есепке алмағанда, жылына 1 рет, уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын, тиісті қаржы жылына арналған әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдарға оларды өткізу кезінде санаторий-курорттық емдеу құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдендірілген сомадан аспайтын көрсетіледі.

      Санаторий-курорттық емделуге жолдама құнын өтеу Қостанай облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 маусымдағы № 510 "Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау жөніндегі қосымша шара туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9264 болып тіркелген) шешімімен белгіленген заттай нысаннан жазбаша бас тартылған жағдайда ұсынылады.";

      12-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "12. Мереке күндері мен атаулы күндерге әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей көрсетіледі.

      Әлеуметтік көмек алушылардың санаттарын жергілікті атқарушы органдар айқындайды, содан кейін олардың тізімдері Мемлекеттік корпорацияға не өзге де ұйымдарға сұрау салу жолымен қалыптастырылады."

      13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "13. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан жергілікті әлеуметтік көмек көрсету бойыншауәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне Үлгілік қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш береді, оған мынадай құжаттарды қоса береді:

      1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      2) тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер (тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамай тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер ұсынылмайды);

      осы Қағидалардың 6-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген адамдар, бірінші рет өтініш білдіргендер, өтініш берушінің әлеуметтік мәртебесін растайтын құжатты ұсынады;

      осы Қағидалардың 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген адамдардың ата-анасы немесе заңды өкілі адамның иммун тапшылығы вирусы ауруын растайтын құжатты ұсынады;

      осы Қағидалардың 6-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген адамдар туберкулезбен ауыру фактісін және амбулаторлық емделуде екенін растайтын құжатты ұсынады;

      осы Қағидалардың 6-тармағының 5), 6) тармақшаларында көрсетілген адамдар тұру фактісін және жол жүру құнын растайтын құжаттарды ұсынады;

      осы Қағидалардың 6-тармағы 7) тармақшасында көрсетілген адамдар дәрігер растаған ағымдағы жылға рецептуралық бланкінің көшірмесін және кассалық және/немесе тауар чегін ұсынады;

      осы Қағидалардың 6-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген адамдар дәрігер растаған ағымдағы жылға рецептуралық бланкінің көшірмесін және кассалық және/немесе тауар чегін ұсынады;

      осы Қағидалардың 6-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген адамдар дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжатты ұсынады;

      осы Қағидалардың 6-тармағының 11) тармақшасында көрсетілген адамдар бас бостандығынан айыру орындарынан босату, пробация қызметінің есебінде тұру фактісін растайтын құжаттарды ұсынады;

      осы Қағидалардың 6-тармағының 13) тармақшасында көрсетілген адамдар өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсан үшін табысы туралы мәліметтерді, қайтыс болу фактісін, сондай-ақ қайтыс болуды тіркеу кезінде қайтыс болған адамды жұмыссыз ретінде тіркеу фактісін растайтын құжаттарды ұсынады.

      осы Қағидалардың 6-тармағының 14) тармақшасында көрсетілген адамдар санаторий-курорттық емделуге ақы төленгенін растайтын құжатты, санаторий-курорттық ұйым бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға және онымен бірге жүретін адамға берген орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісін ұсынады;

      осы Қағидалардың 6-тармағының 15) тармақшасында көрсетілген адамдар әлеуметтік мәртебесін, санаторий-курорттық емделуге ақы төленгенін растайтын құжаттарды, санаторий-курорттық ұйым берген орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісін ұсынады.

      Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары және көшірмелері ұсынылады. Салыстырып тексерілгеннен кейін құжаттардың төлнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады.

      Әлеуметтік көмек өтініш берілген айдан бастап тағайындалады".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 10 сәуірден бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Қарабалық аудандық мәслихатының төрайымы Г. Балбаева

О внесении изменений и дополнения в решение маслихата от 29 ноября 2023 года № 64 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления еҰ размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"

Решение маслихата Карабалыкского района Костанайской области от 11 октября 2024 года № 150. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Костанайской области 18 октября 2024 года № 10287-10

      Карабалыкский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" от 29 ноября 2023 года № 64 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10107-10) следующие изменения и дополнение:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан, утвержденных указанным решением:

      пункт 2 изложить в новой редакции:

      "2. Основные термины и понятия, которые используются в настоящих Правилах:

      1) Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее - Государственная корпорация) - юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан для оказания государственных услуг в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме;

      2) специальная комиссия - комиссия, создаваемая решением акима района, по рассмотрению заявления лица (семьи), претендующего на оказание социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан;

      3) праздничные дни - дни национальных и государственных праздников Республики Казахстан;

      4) социальная помощь - помощь, предоставляемая местным исполнительным органом в денежной или натуральной форме отдельным категориям нуждающихся граждан (далее - получатели), а также к праздничным дням и памятным датам;

      5) уполномоченный орган по оказанию социальной помощи - местный исполнительный орган района, осуществляющий оказание социальной помощи;

      6) прожиточный минимум - минимальный денежный доход на одного человека, равный по величине стоимости минимальной потребительской корзины;

      7) среднедушевой доход - доля совокупного дохода семьи, приходящаяся на каждого члена семьи в месяц;

      8) праздничные даты (далее - памятные даты) - профессиональные и иные праздники Республики Казахстан;

      9) уполномоченный государственный орган - центральный исполнительный орган, осуществляющий руководство и межотраслевую координацию в сфере социальной защиты населения в соответствии с законодательством Республики Казахстан, регулирование, контрольные функции за деятельностью Государственного фонда социального страхования;

      10) участковая комиссия - специальная комиссия, создаваемая решением акимов соответствующих административно-территориальных единиц для проведения обследования материального положения лиц (семей), обратившихся за адресной социальной помощью;

      11) предельный размер - утвержденный максимальный размер социальной помощи.";

      пункт 4 изложить в новой редакции:

      "4. Перечень праздничных дней и памятных дат для оказания социальной помощи:

      1) День вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан – 15 февраля;

      2) Международный день памяти о Чернобыльской катастрофе - 26 апреля;

      3) День защитника Отечества – 7 мая;

      4) День Победы – 9 мая;

      5) День закрытия Семипалатинского испытательного ядерного полигона – 29 августа.";

      пункт 5 изложить в новой редакции:

      "5. Социальная помощь к праздничным дням и памятным датам оказывается единовременно, без учета доходов, следующим категориям граждан:

      1) День вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан – 15 февраля:

      военнослужащим Советской Армии, Военно-Морского Флота, Комитета государственной безопасности, лицам начальствующего и рядового состава Министерства внутренних дел бывшего Союза Советских Социалистических Республик (далее – Союз ССР) (включая военных специалистов и советников), которые в соответствии с решениями правительственных органов бывшего Союза ССР принимали участие в боевых действиях на территории Афганистана, в размере 50000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      военнообязанным, призывавшимся на учебные сборы и направлявшимся в Афганистан в период ведения боевых действий, в размере 50000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      военнослужащим автомобильных батальонов, направлявшимся в Афганистан для доставки грузов в эту страну в период ведения боевых действий, в размере 50000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      военнослужащим летного состава, совершавшим вылеты на боевые задания в Афганистан с территории бывшего Союза ССР, в размере 50000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      рабочим и служащим, обслуживавшим советский воинский контингент в Афганистане, получившим ранения, контузии или увечья, либо награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за участие в обеспечении боевых действий, в размере 50000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      военнослужащим, которым инвалидность установлена вследствие ранения, контузии, увечья, полученных при защите бывшего Союза ССР, исполнении иных обязанностей воинской службы или вследствие заболевания при прохождении воинской службы в период боевых действий в Афганистане, в размере 50000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      семьям военнослужащих, погибших (пропавших без вести) или умерших вследствие ранения, контузии, увечья, заболевания, полученных в период боевых действий в Афганистане, в размере 50000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      2) Международный день памяти о чернобыльской катастрофе - 26 апреля:

      лицам, принимавшим участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1986 – 1987 годах, в размере 50000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      лицам, которым инвалидность установлена вследствие катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции, в размере 50000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      лицам из числа участников ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1988 – 1989 годах, эвакуированных (самостоятельно выехавших) из зон отчуждения и отселения в Республику Казахстан, включая детей, которые на день эвакуации находились во внутриутробном состоянии, в размере 50000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      семьям лиц, погибших при ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции, в размере 5 месячных расчетных показателей;

      семьям умерших вследствие лучевой болезни или умерших лиц с инвалидностью, а также граждан, смерть которых в установленном порядке связана с воздействием катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции, в размере 5 месячных расчетных показателей;

      3) День защитника Отечества – 7 мая:

      военнослужащим Советской Армии, Военно-Морского Флота, Комитета государственной безопасности, лицам начальствующего и рядового состава Министерства внутренних дел бывшего Союза ССР (включая военных специалистов и советников), которые в соответствии с решениями правительственных органов бывшего Союза ССР принимали участие в боевых действиях на территории других государств, за исключением лиц, указанных в абзаце втором подпункта 1) пункта 5 настоящих Правил, в размере 50000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      военнослужащим Республики Казахстан, выполнявшим задачи согласно межгосударственным договорам и соглашениям по усилению охраны границы Содружества Независимых Государств на таджикско-афганском участке в период с сентября 1992 года по февраль 2001 года, в размере 50000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      военнослужащим Республики Казахстан, принимавшим участие в качестве миротворцев в международной миротворческой операции в Ираке в период с августа 2003 года по октябрь 2008 года, в размере 50000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      военнослужащим, а также лицам начальствующего и рядового состава органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, принимавшим участие в урегулировании межэтнического конфликта в Нагорном Карабахе в период с 1986 по 1991 годы, в размере 50000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      военнослужащим, которым инвалидность установлена вследствие ранения, контузии, увечья, полученных при защите бывшего Союза ССР, исполнении иных обязанностей воинской службы или вследствие заболевания при прохождении воинской службы в других государствах, где велись боевые действия, в размере 50000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      лицам начальствующего и рядового состава органов государственной безопасности бывшего Союза ССР и органов внутренних дел, которым инвалидность установлена вследствие ранения, контузии, увечья, полученных при исполнении служебных обязанностей, либо вследствие заболевания, связанного с выполнением служебных обязанностей в государствах, в которых велись боевые действия, в размере 50000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      рабочим и служащим соответствующих категорий, обслуживавшим действовавшие воинские контингенты в других странах и которым инвалидность установлена вследствие ранения, контузии, увечья либо заболевания, полученных в период ведения боевых действий, в размере 50000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      семьям военнослужащих, погибших (пропавших без вести) или умерших вследствие ранения, контузии, увечья, заболевания, полученных в других государствах, в которых велись боевые действия, в размере 50000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      4) День Победы – 9 мая:

      ветеранам Великой Отечественной войны, в размере 1500000 (один миллион пятьсот тысяч) тенге;

      лицам, приравненным по льготам к ветеранам Великой Отечественной войны:

      военнослужащим, а также лицам начальствующего и рядового состава органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, проходившим в период Великой Отечественной войны службу в городах, участие в обороне которых засчитывалось до 1 января 1998 года в выслугу лет для назначения пенсии на льготных условиях, установленных для военнослужащих частей действующей армии, в размере 100000 (сто тысяч) тенге;

      лицам вольнонаемного состава Советской Армии, Военно-Морского Флота, войск и органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, занимавшим штатные должности в воинских частях, штабах, учреждениях, входивших в состав действующей армии в период Великой Отечественной войны, либо находившимся в соответствующие периоды в городах, участие в обороне которых засчитывалось до 1 января 1998 года в выслугу лет для назначения пенсии на льготных условиях, установленных для военнослужащих частей действующей армии, в размере 100000 (сто тысяч) тенге;

      лицам, которые в период Великой Отечественной войны находились в составе частей, штабов и учреждений, входивших в состав действующей армии и флота, в качестве сыновей (воспитанников) полков и юнг, в размере 100000 (сто тысяч) тенге;

      лицам, принимавшим участие в боевых действиях против фашистской Германии и ее союзников в годы Второй мировой войны на территории зарубежных стран в составе партизанских отрядов, подпольных групп и других антифашистских формирований, в размере 100000 (сто тысяч) тенге;

      работникам специальных формирований Народного комиссариата путей сообщения, Народного комиссариата связи, плавающего состава промысловых и транспортных судов и летно-подъемного состава авиации, Народного комиссариата рыбной промышленности бывшего Союза ССР, морского и речного флота, летно-подъемного состава Главсевморпути, которые в период Великой Отечественной войны были переведены на положение военнослужащих и выполнявших задачи в интересах действующей армии и флота в пределах тыловых границ действующих фронтов, оперативных зон флотов, а также членам экипажей судов транспортного флота, интернированных в начале Великой Отечественной войны в портах других государств, в размере 100000 (сто тысяч) тенге;

      военнослужащим, которым инвалидность установлена вследствие ранения, контузии, увечья, полученных при защите бывшего Союза ССР, или вследствие заболевания, связанного с пребыванием на фронте, в размере 100000 (сто тысяч) тенге;

      лицам начальствующего и рядового состава органов государственной безопасности бывшего Союза ССР и органов внутренних дел, которым инвалидность установлена вследствие ранения, контузии, увечья, полученных при исполнении служебных обязанностей, либо вследствие заболевания, связанного с пребыванием на фронте, в размере 100000 (сто тысяч) тенге;

      несовершеннолетним узникам концлагерей, гетто и других мест принудительного содержания, созданных фашистами и их союзниками в период Второй мировой войны, в размере 100000 (сто тысяч) тенге;

      гражданам, работавшим в период блокады в городе Ленинграде на предприятиях, в учреждениях и организациях города и награжденные медалью "За оборону Ленинграда" или знаком "Житель блокадного Ленинграда", в размере 60000 (шестьдесят тысяч) тенге;

      лицам из числа бойцов и командного состава истребительных батальонов, взводов и отрядов защиты народа, действовавших в период с 1 января 1944 года по 31 декабря 1951 года на территории Украинской ССР, Белорусской ССР, Литовской ССР, Латвийской ССР, Эстонской ССР, которым инвалидность установлена вследствие ранения, контузии или увечья, полученных при исполнении служебных обязанностей в этих батальонах, взводах, отрядах, в размере 60000 (шестьдесят тысяч) тенге;

      родителям и не вступившим в повторный брак вдовам воинов, погибших (умерших, пропавших без вести) в Великой Отечественной войне, супруге (супругу), не вступившей (не вступившему) в повторный брак, в размере 30000 (тридцать тысяч) тенге;

      супруге (супругу) умершего лица с инвалидностью вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны, или лица, приравненного по льготам к лицам с инвалидностью вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны, а также супруге (супругу) умершего участника Великой Отечественной войны, партизана, подпольщика, гражданина, награжденного медалью "За оборону Ленинграда" или знаком "Жителю блокадного Ленинграда", признававшихся лицами с инвалидностью в результате общего заболевания, трудового увечья и других причин (за исключением противоправных), которые не вступали в повторный брак, в размере 30000 (тридцать тысяч) тенге;

      лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны, а также лицам, проработавшим (прослужившим) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны, в размере 30000 (тридцать тысяч) тенге;

      следующим категориям лиц, в размере 5 месячных расчетных показателей:

      Героям Социалистического Труда, кавалерам ордена Трудовой Славы трех степеней;

      лицам, удостоенным званий "Қазақстанның Еңбек Ері", "Халық қаһарманы";

      семьям военнослужащих, партизан, подпольщиков, лиц, указанных в статьях 46 Закона, погибших (пропавших без вести) или умерших в результате ранения, контузии или увечья, полученных при защите бывшего Союза ССР, исполнении иных обязанностей воинской службы (служебных обязанностей), или вследствие заболевания, связанного с пребыванием на фронте;

      семьям погибших в Великой Отечественной войне лиц из числа личного состава групп самозащиты объектовых и аварийных команд местной противовоздушной обороны, семьям погибших работников госпиталей и больниц города Ленинграда;

      семьям военнослужащих, лиц начальствующего и рядового состава, призванных на сборы военнообязанных Министерства обороны, органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, погибших (умерших) во время выполнения задач по охране общественного порядка при чрезвычайных обстоятельствах, связанных с антиобщественными проявлениями;

      семьям военнослужащих, погибших (умерших) при прохождении воинской службы в мирное время;

      5) День закрытия Семипалатинского испытательного ядерного полигона - 29 августа:

      лицам, принимавшим участие в ликвидации радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, а также участвовавшим непосредственно в ядерных испытаниях, в размере 50000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      лицам, которым инвалидность установлена вследствие радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, ядерных испытаний, и их дети, инвалидность которых генетически связана с радиационным облучением одного из родителей, в размере 50000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      семьям лиц, погибших при ликвидации последствий радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, в размере 5 месячных расчетных показателей;

      семьям умерших вследствие лучевой болезни или умерших лиц с инвалидностью, а также граждан, смерть которых в установленном порядке связана с воздействием радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения и ядерных испытаний, в размере 5 месячных расчетных показателей.";

      подпункт 10) пункта 6 изложить в новой редакции:

      "10) гражданину (семье) либо его имуществу, пострадавшему вследствие стихийного бедствия или пожара, без учета доходов, единовременно, в размере 100 месячных расчетных показателей;";

      пункт 6 дополнить подпунктами 14) и 15) следующего содержания:

      "14) лицам с инвалидностью первой группы для возмещения затрат на сопровождающих их лиц на санаторно-курортное лечение, в соответствии с индивидуальной программой абилитации и реабилитации лица с инвалидностью, в организации, предоставляющие санаторно-курортное лечение через портал социальных услуг, но не более чем на одно сопровождающее лицо, без учета дохода, 1 раз в год, в размере фактических затрат за проживание и питание, за исключением лечебных процедур, но не более семидесяти процентов от гарантированной суммы, предоставляемой в качестве возмещения стоимости санаторно-курортного лечения при реализации их лицам с инвалидностью через портал социальных услуг на соответствующий финансовый год, определяемой уполномоченным государственным органом;

      15) ветеранам Великой Отечественной войны, ветеранам, указанным в статьях 5, 6, подпунктах 1) - 4) статьи 7 Закона, на возмещение фактической стоимости путевки на санаторно-курортное лечение, в пределах Республики Казахстан, без учета дохода, 1 раз в год, но не более гарантированной суммы, предоставляемой в качестве возмещения стоимости санаторно-курортного лечения при реализации их лицам с инвалидностью через портал социальных услуг на соответствующий финансовый год, определяемой уполномоченным государственным органом.

      Возмещение стоимости путевки на санаторно-курортное лечение предоставляется в случае письменного отказа от натуральной формы, установленной решением Костанайского областного маслихата от 11 июня 2020 года № 510 "О дополнительной мере по социальной поддержке отдельных категорий граждан" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 9264).";

      пункт 12 изложить в новой редакции:

      "12. Социальная помощь к праздничным дням и памятным датам оказывается без истребования заявлений от получателей.

      Категории получателей социальной помощи определяются местным исполнительным органом, после чего формируются их списки путем направления запроса в Государственную корпорацию либо иные организации.";

      пункт 13 изложить в новой редакции:

      "13. Для получения социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан заявитель от себя или от имени семьи в уполномоченный орган по оказанию социальной помощи или акиму села, сельского округа представляет заявление по форме, согласно приложению 1 к Типовым правилам, с приложением следующих документов:

      1) документ, удостоверяющий личность (для идентификации личности);

      2) сведения о доходах лица (членов семьи) (для получения социальной помощи, которая назначается независимо от доходов лица (членов семьи), сведения о доходах лица (членов семьи) не предоставляются);

      лица, указанные в подпунктах 1), 2) пункта 6 настоящих Правил, впервые обратившиеся, представляют документ, подтверждающий социальный статус заявителя;

      родитель либо законный представитель лиц, указанных в подпункте 3) пункта 6 настоящих Правил, представляет документ, подтверждающий факт заболевания вирусом иммунодефицита человека;

      лица, указанные в подпункте 4) пункта 6 настоящих Правил, представляют документ, подтверждающий факт заболевания туберкулезом и нахождения на амбулаторном лечении;

      лица, указанные в подпунктах 5), 6) пункта 6 настоящих Правил предоставляют документы, подтверждающие факт проживания и стоимость проезда;

      лица, указанные в абзаце четвертом подпункта 7) пункта 6 настоящих Правил представляют документы, подтверждающие факт обучения, его стоимость и индивидуальную программу абилитации и реабилитации лица с инвалидностью;

      лица, указанные в подпункте 9) пункта 6 настоящих Правил предоставляют копию рецептурного бланка за текущий год, заверенную врачом, и кассовый и/или товарный чек;

      лица, указанные в подпункте 10) пункта 6 настоящих Правил представляют документ, подтверждающий факт причиненного ущерба гражданину (семье) либо его имуществу вследствие стихийного бедствия или пожара;

      лица, указанные в подпункте 11) пункта 6 настоящих Правил представляют документы, подтверждающие факт освобождения из мест лишения свободы, нахождения на учете службы пробации;

      лица, указанные в подпункте 13) пункта 6 настоящих Правил представляют сведения о доходах за квартал, предшествующий кварталу обращения, документы, подтверждающие факт смерти, а также факт регистрации умершего в качестве безработного на момент смерти;

      лица, указанные в подпункте 14) пункта 6 настоящих Правил представляют документ, подтверждающий оплату санаторно-курортного лечения, акт выполненных работ (оказанных услуг), выданный санаторно-курортной организацией лицу с инвалидностью первой группы и сопровождающему его лицу;

      лица, указанные в подпункте 15) пункта 6 настоящих Правил представляют документы, подтверждающие социальный статус, оплату санаторно-курортного лечения, акт выполненных работ (оказанных услуг), выданный санаторно-курортной организацией.

      Документы представляются в подлинниках и копиях для сверки. После сверки подлинники документов возвращаются заявителю.

      Социальная помощь назначается с месяца подачи заявления".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на отношения, возникшие с 10 апреля 2024 года.

      Председатель Карабалыкского районного маслихата Г. Балбаева