Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 23 қарашадағы № 55 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10150-10 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - мемлекеттік корпорациясы) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";
2) арнайы комиссия - өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) мереке күндері - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
4) әлеуметтік көмек - жергілікті атқарушы органмен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - алушылар) ақшалай нысанда, сондай-ақ мереке күндеріне және атаулы күндерге ұсынылатын көмек;
5) уәкілетті мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
6) уәкілетті орган - жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын ауданның халықты әлеуметтік қорғау саласындағы атқарушы органы;
7) ең төменгі күнкөріс деңгейі - ең төменгі тұтыну себетінің құны шамасы бойынша бір адамға шаққандағы ең төменгі ақшалай табыс;
8) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы - отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
9) мереке күндері (бұдан әрі - атаулы күндер) - Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;
10) учаскелік комиссия - атаулы әлеуметтік көмек сұраған адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін аудан әкімінің шешімімен құрылатын арнайы комиссия;
11) шекті шама - әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.".
4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:
1) Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Демократиялық Ауғанстан Республикасынан шығару күні - 15 ақпан;
2) Халықаралық Чернобыль апатын еске алу күні - 26 сәуір;
3) Отан қорғаушылар күні - 7 мамыр;
4) Жеңіс күні - 9 мамыр;
5) Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күні - 29 тамыз;".
5-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"5. Мереке күндеріне және атаулы күндерге әлеуметтік көмек азаматтардың келесі санаттарына табыстары ескерілмей, бір мезгілде көрсетіледі:
1) Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Демократиялық Ауғанстан Республикасынан шығару күні - 15 ақпан:
Кеңес Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілеріне, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі - КСР Одағы) Ішкі істер министрлігінің басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса алғанда), олар бұрынғы КСР Одағы үкіметтік органдарының шешімдеріне сәйкес Ауғанстан 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
ұрыс қимылдарын жүргізу кезеңінде оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілерге 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
ұрыс қимылдарын жүргізу кезеңінде осы елге жүктерді жеткізу үшін Ауғанстанға жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілеріне 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағы аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмаларға ұшып шыққан ұшу құрамының әскери қызметшілеріне 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
Ауғанстанда кеңес әскери контингентіне қызмет көрсеткен, жараланған, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған жұмысшылар мен қызметшілерге 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін атқару кезінде немесе ұрыс қимылдары жүргізілген Ауғанстанда әскери қызмет өткеру кезінде сырқаттану салдарынан алған жарақаттану, контузия алу, мертігу салдарынан мүгедектігі белгіленген әскери қызметшілерге 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезеңінде жаралану, контузия алу, зақымдану, ауруға шалдығу салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
2) Халықаралық Чернобыль апатын еске алу күні - 26 сәуір:
1986 - 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарынан мүгедектігі белгіленген адамдарға 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
1988 - 1989 жылдардағы Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркімен көшкен) адамдарға қоныс аудартқан күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасыларына - 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
сәуле ауруы салдарынан қайтыс болған немесе мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ белгіленген тәртіппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың әсеріне байланысты қайтыс болған азаматтардың отбасыларына 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3) Отан қорғаушылар күні - 7 мамыр:
Кеңес Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілеріне, бұрынғы КСР Одағы Ішкі істер министрлігінің басшы және қатардағы құрамының адамдарына осы Ереженің 5-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген адамдарды қоспағанда, бұрынғы КСР Одағы үкіметтік органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде қатысқан (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса алғанда);
1992 жылғы қыркүйектен бастап 2001 жылғы ақпанға дейінгі кезеңде Тәжік-ауған учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
2003 жылғы тамыздан бастап 2008 жылғы қазанға дейінгі кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операциясына бітімгершілер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
1986 - 1991 жылдар кезеңінде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери қызмет өткеру кезінде науқастануы салдарынан мүгедектігі белгіленген әскери қызметшілерге 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан не ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде қызметтік міндеттерін орындауға байланысты науқастануы салдарынан мүгедектігі белгіленген бұрынғы КСР Одағы мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
басқа елдерде әрекет еткен әскери контингенттерге қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргізу кезеңінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы не ауруы салдарынан мүгедектігі белгіленген тиісті санаттағы жұмысшылар мен қызметшілерге 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде жаралану, контузия алу, зақымдану, ауруға шалдығу салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
4) Жеңіс күні - 9 мамыр.
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 1500000 (бір миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде;
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген адамдарға:
әскери қызметшілерге, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы кезеңінде қорғанысқа қатысуы 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жұмыс істеп тұрған армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдікті шарттармен зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарына есептелген қалаларда қызмет өткерген бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
Кеңес Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, әскерлер мен ішкі істер және бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының еркін жалдамалы құрамының адамдарына, Ұлы Отан соғысы кезеңінде жұмыс істеп тұрған армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдарды атқарғандарға, немесе қорғанысқа қатысуы 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жеңілдікті шарттармен зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарына есептелген қалаларда тиісті кезеңдерде болған адамдарға; жұмыс істеп тұрған армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жұмыс істеп тұрған армия мен флоттың құрамына кірген бөлімдер, штабтар мен мекемелер құрамында полктер мен юнгалардың ұлдары (тәрбиеленушілері) ретінде болған адамдарға 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында фашистік Германияға және оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына шет елдердің аумағында партизандық жасақтар, жасырын топтар және басқа да фашизмге қарсы құралымдар құрамында қатысқан адамдарға 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
Байланыс жолдары халық комиссариатының, Халық байланыс комиссариатының, және көлік кемелерінің жүзу құрамын және авиацияның ұшу-көтеру құрамын, бұрынғы КСР Одағының, теңіз және өзен флотының балық өнеркәсібі халық комиссариатының, Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскери қызметшілердің жағдайына ауыстырылған және жұмыс істеп тұрған майдандардың тыл шекаралары шегінде жұмыс істеп тұрған армия мен флоттың мүддесі үшін міндеттерді орындаған Бас көтерме жолдың ұшу-көтеру құрамы, жедел аймақтарының мүшелеріне, сондай-ақ көлік флоты кемелері экипаждарының мүшелеріне, Ұлы Отан соғысының басында басқа мемлекеттердің порттарында интернатталған 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде жаралану, контузия алу, мертігу салдарынан немесе майданда болуға байланысты ауру салдарынан мүгедектігі анықталған әскери қызметшілерге 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағы мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының қызметтік міндеттерін орындау кезінде алған жарақаттануы, контузиясы, мертігуі салдарынан не майданда болуына байланысты ауруы салдарынан мүгедектігі анықталған басшы және қатардағы құрамының адамдарына 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарының кәмелетке толмаған тұтқындарына 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
Ленинград қаласында қоршау кезеңінде қаланың кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған азаматтарға 60000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;
жойғыш батальондардың, взводтар мен халықты қорғау жасақтарының жауынгерлері мен командалық құрамы қатарындағы адамдарға, Украина КСР аумағында 1944 жылғы 1 қаңтардан 1951 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде Беларусь КСР-і, Литва КСР-і, Латвия КСР-і, Эстон КСР-і, олардың жарақаттануы салдарынан мүгедектігі осы батальондарда, взводтарда, жасақтарда қызметтік міндеттерін орындау кезінде алынған контузиялар немесе мертігулер, 60000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің ата-аналарына және қайтадан некеге тұрмаған (тұрмысқа шықпаған) жесірлеріне 30000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузиясы, мертігуі немесе ауруы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның жұбайына (зайыбына) немесе Ұлы Отан соғысы кезеңінде алған жаралануы, контузиясы, мертігуі немесе ауруы салдарынан мүгедектігі бар адамдарға жеңілдіктер бойынша теңестірілген адамға, сондай-ақ жұбайына Ұлы Отан соғысына қайтыс болған қатысушының, партизанның, астыртын қызметкердің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғынына" белгісімен марапатталған, жалпы ауру, еңбек жарақаты және басқа да себептер нәтижесінде мүгедектігі бар адамдар деп танылған азаматтың (зайыбының) қайта некеге тұрмаған (құқыққа қайшы адамдарды қоспағанда) 30000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға, сондай-ақ жұмыс істеген адамдарға 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде алты ай қызмет атқарғандарға және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмағандарға 30000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;
келесі санаттағы тұлғаларға, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде:
Социалистік Еңбек ерлеріне, үш дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің иегерлеріне;
"Қазақстанның Еңбек Ері", "Халық қаһарманы" атақтарына ие болған адамдарға;
бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін (қызметтік міндеттерін) атқару кезінде жаралану, контузия алу немесе зақымдану салдарынан немесе майданда болуына байланысты науқастану салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің, партизандардың, астыртын қызметкерлердің, Заңның 4 - 6-баптарында көрсетілген адамдардың отбасыларына;
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жергілікті әуе қорғанысының объектілік және авариялық командаларының өзін-өзі қорғау топтарының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасыларына, Ленинград қаласының госпитальдері мен ауруханаларында қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына;
қоғамға жат көріністерге байланысты төтенше жағдайлар кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі міндеттерді орындау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің, бұрынғы КСР Одағының Қорғаныс министрлігінің, ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының әскери міндеттілерінің жиындарына шақырылған басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасыларына;
бейбіт уақытта әскери қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына;
5) Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күні - 29 тамыз:
азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі радиациялық апаттар мен аварияларды жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тікелей қатысқан адамдарға 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектігі белгіленген адамдарға және ата-анасының біреуінің радиациялық сәулеленуімен генетикалық жағынан байланысты мүгедектігі бар олардың балаларына 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасыларына - 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
сәуле ауруы салдарынан қайтыс болғандардың немесе мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты азаматтардың отбасыларына - 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.";
6-тармақтың 10) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"10) табыстары есепке алынбай, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне бір мезгілде 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";
6-тармақ мынадай мазмұндағы 14) және 15) тармақшамен толықтырылсын:
"14) бiрiншi топтағы мүгедектiгi бар адамдарға оларға ерiп жүретiн адамдардың санаторий-курорттық емделуге жұмсаған шығындарын өтеу үшiн, мүгедектігі бар адамды абилитациялау және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы санаторий-курорттық емдеуді ұсынатын ұйымдарға, бірақ бір еріп жүретін адамға, табысты есептемегенде, жылына 1 рет, тұруға және тамақтануға нақты шығындар мөлшерінде емшараларды қоспағанда, бірақ кепілдік берілетін соманың жетпіс пайызынан аспайтын мүгедектігі бар адамдарға оларды уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тиісті қаржы жылына арналған әлеуметтік қызметтер порталы арқылы өткізу кезінде санаторий-курорттық емдеудің құнын өтеу ретінде ұсынылатын;
"15) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, Заңның 5, 6-баптарында, 7-бабының 1) - 4) тармақшаларында көрсетілген ардагерлерге санаторий-курорттық емделуге жолдаманың нақты құнын өтеуге, Қазақстан Республикасының шегінде, табысын есепке алмағанда, жылына 1 рет, бірақ уәкілетті мемлекеттік орган тиісті қаржы жылына айқындайтын, мүгедектігі бар адамдардың оларды әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жүзеге асыру барысында санаторий-курорттық емделу құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген сомадан артық емес.
Санаторий-курорттық емделуге жолдаманың құнын өтеу Қостанай облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 маусымдағы № 510 "Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау жөніндегі қосымша шара туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9264 тіркелген) шешімімен белгіленген заттай нысанда жазбаша бас тартылған жағдайда ұсынылады.";
12-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"12. Мереке күндеріне және атаулы күндерге әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей көрсетіледі.
Әлеуметтік көмек алушылардың санаттарын жергілікті атқарушы орган айқындайды, содан кейін Мемлекеттік корпорацияға не өзге де ұйымдарға сұрау салу жіберу жолымен олардың тізімдері қалыптастырылады.";
13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"13. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өз атынан немесе отбасының атынан әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш ұсынады, оған мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
2) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер (адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан тағайындалатын әлеуметтік көмек алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер ұсынылмайды);
Осы Қағидалардың 6-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген, алғаш рет жүгінген адамдар өтініш берушінің әлеуметтік мәртебесін растайтын құжатты ұсынады;
осы Қағидалардың 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген адамдардың ата-анасы не заңды өкілі адамның иммун тапшылығы вирусымен ауыру фактісін растайтын құжатты ұсынады;
осы Қағидалардың 6-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген адамдар туберкулезбен ауыру және амбулаториялық емделуде болу фактісін растайтын құжатты ұсынады;
осы Қағидалардың 6-тармағының 5), 9) тармақшаларында көрсетілген адамдар оңалту фактісін және жол жүру құнын растайтын құжаттарды табыс етеді;
осы Қағидалардың 6-тармағы 6) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген адамдар оқыту фактісін, оның құнын және мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасын растайтын құжаттарды табыс етеді;
осы Қағидалардың 6-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген адамдар емдеудің және (немесе) медициналық зерттеп-қараудың тағайындалғанын және (немесе) өткенін және емдеуге және (немесе) медициналық зерттеп-қарауға ақы төленгенін растайтын құжаттарды ұсынады;
осы Қағидалардың 6-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген адамдар ағымдағы жылғы рецептілік бланкінің дәрігер куәландырған көшірмесін және кассалық және/немесе тауарлық чекті ұсынады;
осы Қағидалардың 6-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген адамдар табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне келтірілген залал фактісін растайтын құжатты табыс етеді;
осы Қағидалардың 6-тармағының 12) тармақшасында көрсетілген адамдар өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы табыстары туралы мәліметтерді, қайтыс болу фактісін, сондай-ақ қайтыс болған кезде қайтыс болған адамды жұмыссыз ретінде тіркеу фактісін растайтын құжаттарды табыс етеді;
осы Қағидалардың 6-тармағының 13) тармақшасында көрсетілген адамдар бас бостандығынан айыру орындарынан босату, пробация қызметінің есебінде тұру фактісін растайтын құжаттарды ұсынады;
осы Қағидалардың 6-тармағының 14) тармақшасында көрсетілген адамдар әлеуметтік мәртебесін, санаторий-курорттық емделуге ақы төленгенін, санаторий-курорттық ұйым берген орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісін растайтын құжаттарды ұсынады;
осы Қағидалардың 6-тармағының 15) тармақшасында көрсетілген тұлғалар әлеуметтік мәртебесін, санаторий-курорттық емделуге ақы төленгенін растайтын құжаттарды, санаторий-курорттық ұйым берген орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісін ұсынады.
Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады. Салыстырып тексергеннен кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Әлеуметтік көмек өтініш берілген айдан бастап тағайындалады.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 10 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Аудандық мәслихаттың төрайымы | Г. Абенова |