"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Науырзым аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Аудандық мәслихаттың төрайымы | Г. Абенова |
Науырзым | |
аудандық мәслихатының | |
2023 жылғы 23 қарашадағы | |
№ 55 шешіміне | |
1 қосымша |
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - Заң), "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысымен бекітілген және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - мемлекеттік корпорациясы) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";
2) арнайы комиссия - өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) мереке күндері - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
4) әлеуметтік көмек - жергілікті атқарушы органмен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - алушылар) ақшалай нысанда, сондай-ақ мереке күндеріне және атаулы күндерге ұсынылатын көмек;
5) уәкілетті мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
6) уәкілетті орган - жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын ауданның халықты әлеуметтік қорғау саласындағы атқарушы органы;
7) ең төменгі күнкөріс деңгейі - ең төменгі тұтыну себетінің құны шамасы бойынша бір адамға шаққандағы ең төменгі ақшалай табыс;
8) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы - отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
9) мереке күндері (бұдан әрі - атаулы күндер) - Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;
10) учаскелік комиссия - атаулы әлеуметтік көмек сұраған адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін аудан әкімінің шешімімен құрылатын арнайы комиссия;
11) шекті шама - әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 01.10.2024 № 140 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 10.04.2024 бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады).3. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда 1 рет, жылына 1 рет) көрсетіледі.
4. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:
1) Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Демократиялық Ауғанстан Республикасынан шығару күні - 15 ақпан;
2) Халықаралық Чернобыль апатын еске алу күні - 26 сәуір;
3) Отан қорғаушылар күні - 7 мамыр;
4) Жеңіс күні - 9 мамыр;
5) Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күні - 29 тамыз.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 01.10.2024 № 140 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 10.04.2024 бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады).2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
5. Мереке күндеріне және атаулы күндерге әлеуметтік көмек азаматтардың келесі санаттарына табыстары ескерілмей, бір мезгілде көрсетіледі:
1) Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Демократиялық Ауғанстан Республикасынан шығару күні - 15 ақпан:
Кеңес Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілеріне, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі - КСР Одағы) Ішкі істер министрлігінің басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса алғанда), олар бұрынғы КСР Одағы үкіметтік органдарының шешімдеріне сәйкес Ауғанстан 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
ұрыс қимылдарын жүргізу кезеңінде оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілерге 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
ұрыс қимылдарын жүргізу кезеңінде осы елге жүктерді жеткізу үшін Ауғанстанға жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілеріне 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағы аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмаларға ұшып шыққан ұшу құрамының әскери қызметшілеріне 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
Ауғанстанда кеңес әскери контингентіне қызмет көрсеткен, жараланған, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған жұмысшылар мен қызметшілерге 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін атқару кезінде немесе ұрыс қимылдары жүргізілген Ауғанстанда әскери қызмет өткеру кезінде сырқаттану салдарынан алған жарақаттану, контузия алу, мертігу салдарынан мүгедектігі белгіленген әскери қызметшілерге 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезеңінде жаралану, контузия алу, зақымдану, ауруға шалдығу салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
2) Халықаралық Чернобыль апатын еске алу күні - 26 сәуір:
1986 - 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарынан мүгедектігі белгіленген адамдарға 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
1988 - 1989 жылдардағы Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркімен көшкен) адамдарға қоныс аудартқан күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасыларына - 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
сәуле ауруы салдарынан қайтыс болған немесе мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ белгіленген тәртіппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың әсеріне байланысты қайтыс болған азаматтардың отбасыларына 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3) Отан қорғаушылар күні - 7 мамыр:
Кеңес Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілеріне, бұрынғы КСР Одағы Ішкі істер министрлігінің басшы және қатардағы құрамының адамдарына осы Ереженің 5-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген адамдарды қоспағанда, бұрынғы КСР Одағы үкіметтік органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде қатысқан (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса алғанда);
1992 жылғы қыркүйектен бастап 2001 жылғы ақпанға дейінгі кезеңде Тәжік-ауған учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
2003 жылғы тамыздан бастап 2008 жылғы қазанға дейінгі кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операциясына бітімгершілер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
1986 - 1991 жылдар кезеңінде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери қызмет өткеру кезінде науқастануы салдарынан мүгедектігі белгіленген әскери қызметшілерге 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан не ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде қызметтік міндеттерін орындауға байланысты науқастануы салдарынан мүгедектігі белгіленген бұрынғы КСР Одағы мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
басқа елдерде әрекет еткен әскери контингенттерге қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргізу кезеңінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы не ауруы салдарынан мүгедектігі белгіленген тиісті санаттағы жұмысшылар мен қызметшілерге 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде жаралану, контузия алу, зақымдану, ауруға шалдығу салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
4) Жеңіс күні - 9 мамыр.
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 1500000 (бір миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде;
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген адамдарға:
әскери қызметшілерге, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы кезеңінде қорғанысқа қатысуы 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жұмыс істеп тұрған армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдікті шарттармен зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарына есептелген қалаларда қызмет өткерген бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
Кеңес Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, әскерлер мен ішкі істер және бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының еркін жалдамалы құрамының адамдарына, Ұлы Отан соғысы кезеңінде жұмыс істеп тұрған армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдарды атқарғандарға, немесе қорғанысқа қатысуы 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жеңілдікті шарттармен зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарына есептелген қалаларда тиісті кезеңдерде болған адамдарға; жұмыс істеп тұрған армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жұмыс істеп тұрған армия мен флоттың құрамына кірген бөлімдер, штабтар мен мекемелер құрамында полктер мен юнгалардың ұлдары (тәрбиеленушілері) ретінде болған адамдарға 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында фашистік Германияға және оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына шет елдердің аумағында партизандық жасақтар, жасырын топтар және басқа да фашизмге қарсы құралымдар құрамында қатысқан адамдарға 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
Байланыс жолдары халық комиссариатының, Халық байланыс комиссариатының, және көлік кемелерінің жүзу құрамын және авиацияның ұшу-көтеру құрамын, бұрынғы КСР Одағының, теңіз және өзен флотының балық өнеркәсібі халық комиссариатының, Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскери қызметшілердің жағдайына ауыстырылған және жұмыс істеп тұрған майдандардың тыл шекаралары шегінде жұмыс істеп тұрған армия мен флоттың мүддесі үшін міндеттерді орындаған Бас көтерме жолдың ұшу-көтеру құрамы, жедел аймақтарының мүшелеріне, сондай-ақ көлік флоты кемелері экипаждарының мүшелеріне, Ұлы Отан соғысының басында басқа мемлекеттердің порттарында интернатталған 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде жаралану, контузия алу, мертігу салдарынан немесе майданда болуға байланысты ауру салдарынан мүгедектігі анықталған әскери қызметшілерге 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағы мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының қызметтік міндеттерін орындау кезінде алған жарақаттануы, контузиясы, мертігуі салдарынан не майданда болуына байланысты ауруы салдарынан мүгедектігі анықталған басшы және қатардағы құрамының адамдарына 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарының кәмелетке толмаған тұтқындарына 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
Ленинград қаласында қоршау кезеңінде қаланың кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған азаматтарға 60000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;
жойғыш батальондардың, взводтар мен халықты қорғау жасақтарының жауынгерлері мен командалық құрамы қатарындағы адамдарға, Украина КСР аумағында 1944 жылғы 1 қаңтардан 1951 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде Беларусь КСР-і, Литва КСР-і, Латвия КСР-і, Эстон КСР-і, олардың жарақаттануы салдарынан мүгедектігі осы батальондарда, взводтарда, жасақтарда қызметтік міндеттерін орындау кезінде алынған контузиялар немесе мертігулер, 60000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің ата-аналарына және қайтадан некеге тұрмаған (тұрмысқа шықпаған) жесірлеріне 30000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузиясы, мертігуі немесе ауруы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның жұбайына (зайыбына) немесе Ұлы Отан соғысы кезеңінде алған жаралануы, контузиясы, мертігуі немесе ауруы салдарынан мүгедектігі бар адамдарға жеңілдіктер бойынша теңестірілген адамға, сондай-ақ жұбайына Ұлы Отан соғысына қайтыс болған қатысушының, партизанның, астыртын қызметкердің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғынына" белгісімен марапатталған, жалпы ауру, еңбек жарақаты және басқа да себептер нәтижесінде мүгедектігі бар адамдар деп танылған азаматтың (зайыбының) қайта некеге тұрмаған (құқыққа қайшы адамдарды қоспағанда) 30000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға, сондай-ақ жұмыс істеген адамдарға 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде алты ай қызмет атқарғандарға және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмағандарға 30000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;
келесі санаттағы тұлғаларға, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде:
Социалистік Еңбек ерлеріне, үш дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің иегерлеріне;
"Қазақстанның Еңбек Ері", "Халық қаһарманы" атақтарына ие болған адамдарға;
бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін (қызметтік міндеттерін) атқару кезінде жаралану, контузия алу немесе зақымдану салдарынан немесе майданда болуына байланысты науқастану салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің, партизандардың, астыртын қызметкерлердің, Заңның 4 - 6-баптарында көрсетілген адамдардың отбасыларына;
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жергілікті әуе қорғанысының объектілік және авариялық командаларының өзін-өзі қорғау топтарының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасыларына, Ленинград қаласының госпитальдері мен ауруханаларында қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына;
қоғамға жат көріністерге байланысты төтенше жағдайлар кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі міндеттерді орындау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің, бұрынғы КСР Одағының Қорғаныс министрлігінің, ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының әскери міндеттілерінің жиындарына шақырылған басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасыларына;
бейбіт уақытта әскери қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына;
5) Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күні - 29 тамыз:
азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі радиациялық апаттар мен аварияларды жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тікелей қатысқан адамдарға 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектігі белгіленген адамдарға және ата-анасының біреуінің радиациялық сәулеленуімен генетикалық жағынан байланысты мүгедектігі бар олардың балаларына 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;
азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасыларына - 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
сәуле ауруы салдарынан қайтыс болғандардың немесе мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты азаматтардың отбасыларына - 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 01.10.2024 № 140 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 10.04.2024 бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады).6. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, тұрмыстық қажеттіліктеріне, табыстарын есепке алмай, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) Заңның 8-бабы бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда, ардагерлерге және Заңның 5, 6, 7, 8-баптарында көрсетілген басқа да адамдарға табыстарын есепке алмай, тұрмыстық мұқтаждықтарға ай сайын 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3) табыстарын есепке алмай, диспансерлік есепте тұрған адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне ай сайын екі есе ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде;
4) табыстарын есепке алмай, туберкулез ауруынан зардап шегетін және амбулаториялық емдеуде жүрген адамдарға ай сайын 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
5) мүгедектігі бар адамдарға олардың оңалту орталықтарына баруына және кері қайтуына байланысты шығыстарды табыстарын есепке алмай өтеу үшін тоқсан сайын 3 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде;
6) техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі не жоғары білім алатын адамдарға білім беру гранттарының иегерлері, мемлекеттік бюджеттен төлемдердің өзге де түрлерін алушылар болып табылатын адамдарды қоспағанда, оқу жылы ішінде жарты жылда бір рет аударылатын Қазақстан Республикасының оқу орындарында білім алуға байланысты нақты құны бойынша оқуға ақы төлеу үшін 400 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде:
өтініш беру алдындағы соңғы он екі айдағы жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша белгіленген күнкөріс деңгейінен, күндізгі оқу нысанынан төмен отбасылардан шыққан жастарға;
халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын, жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқуын жалғастыратын жастарға, кірістерді, күндізгі оқу нысанын есепке алмағанда;
табысы ескерілмей, мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасында ұсынымы бар мүгедектігі бар адамдарға;
7) мүгедектігі бар адамдарға, жедел емделуге, табыстарын есептемегенде, бір мезгілде, 50 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде;
8) табыстарды есептемегенде, дәрілік заттарды сатып алуға байланысты шығыстарды өтеу үшін мүгедектігі бар адамдарға бір мезгілде, нақты шығындар мөлшерінде, 50 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын;
9) табысын есептемегенде, олардың санаторийге баруына және кері қайтуына байланысты шығыстарды өтеу үшін мүгедектігі бар адамдарға бір мезгілде 5 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде;
10) табыстары есепке алынбай, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне бір мезгілде 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
11) алынып тасталды - Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 08.02.2024 № 87 шешімімен;12) өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасыларының адамдарына бір мезгілде, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
13) өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасыларының адамдарына, қайтыс болған туыстарын, ерлі-зайыптыларын қайтыс болған күніне мансап орталығында жұмыссыз ретінде жерлеуге, сондай-ақ табысы аз отбасыларының адамдарына кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге біржолғы 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
14) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға табысын есептемегенде, бір мезгілде 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек;
14) бiрiншi топтағы мүгедектiгi бар адамдарға оларға ерiп жүретiн адамдардың санаторий-курорттық емделуге жұмсаған шығындарын өтеу үшiн, мүгедектігі бар адамды абилитациялау және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы санаторий-курорттық емдеуді ұсынатын ұйымдарға, бірақ бір еріп жүретін адамға, табысты есептемегенде, жылына 1 рет, тұруға және тамақтануға нақты шығындар мөлшерінде емшараларды қоспағанда, бірақ кепілдік берілетін соманың жетпіс пайызынан аспайтын мүгедектігі бар адамдарға оларды уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тиісті қаржы жылына арналған әлеуметтік қызметтер порталы арқылы өткізу кезінде санаторий-курорттық емдеудің құнын өтеу ретінде ұсынылатын;
15) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, Заңның 5, 6-баптарында, 7-бабының 1) - 4) тармақшаларында көрсетілген ардагерлерге санаторий-курорттық емделуге жолдаманың нақты құнын өтеуге, Қазақстан Республикасының шегінде, табысын есепке алмағанда, жылына 1 рет, бірақ уәкілетті мемлекеттік орган тиісті қаржы жылына айқындайтын, мүгедектігі бар адамдардың оларды әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жүзеге асыру барысында санаторий-курорттық емделу құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген сомадан артық емес.
Санаторий-курорттық емделуге жолдаманың құнын өтеу Қостанай облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 маусымдағы № 510 "Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау жөніндегі қосымша шара туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9264 тіркелген) шешімімен белгіленген заттай нысанда жазбаша бас тартылған жағдайда ұсынылады.
Ескерту. 6-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 08.02.2024 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.10.2024 № 140 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 10.04.2024 бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады) шешімдерімен.7. Азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:
1) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне залал келтіру не әлеуметтік мәні бар аурудың болуы;
2) ең төменгі күнкөріс деңгейіне еселенген қатынаста жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы;
3) жетім болу, ата-ананың қамқорлығының болмауы;
4) жасына байланысты өзіне-өзі қызмет көрсетуге қабілетсіздігі;
5) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға пробация қызметінің есебінде тұруы.
8. Қостанай облысы бойынша жан басына шаққандағы орташа табыстың шегі бір еселік ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде белгіленсін.
9. Оқуға ақы төлеуге әлеуметтік көмек бір білім алуға көрсетіледі.
10. Осы Қағидалардың 7-тармағының 1) және 5) тармақшаларымен көзделген әлеуметтік көмек көрсетілген оқиғалар басталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей көрсетіледі.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 08.02.2024 № 87 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).11. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмектің мөлшерін арнайы комиссия айқындайды, ол оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
12. Мереке күндеріне және атаулы күндерге әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей көрсетіледі.
Әлеуметтік көмек алушылардың санаттарын жергілікті атқарушы орган айқындайды, содан кейін Мемлекеттік корпорацияға не өзге де ұйымдарға сұрау салу жіберу жолымен олардың тізімдері қалыптастырылады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 01.10.2024 № 140 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 10.04.2024 бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады).13. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өз атынан немесе отбасының атынан әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш ұсынады, оған мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
2) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер (адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан тағайындалатын әлеуметтік көмек алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер ұсынылмайды);
Осы Қағидалардың 6-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген, алғаш рет жүгінген адамдар өтініш берушінің әлеуметтік мәртебесін растайтын құжатты ұсынады;
осы Қағидалардың 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген адамдардың ата-анасы не заңды өкілі адамның иммун тапшылығы вирусымен ауыру фактісін растайтын құжатты ұсынады;
осы Қағидалардың 6-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген адамдар туберкулезбен ауыру және амбулаториялық емделуде болу фактісін растайтын құжатты ұсынады;
осы Қағидалардың 6-тармағының 5), 9) тармақшаларында көрсетілген адамдар оңалту фактісін және жол жүру құнын растайтын құжаттарды табыс етеді;
осы Қағидалардың 6-тармағы 6) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген адамдар оқыту фактісін, оның құнын және мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасын растайтын құжаттарды табыс етеді;
осы Қағидалардың 6-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген адамдар емдеудің және (немесе) медициналық зерттеп-қараудың тағайындалғанын және (немесе) өткенін және емдеуге және (немесе) медициналық зерттеп-қарауға ақы төленгенін растайтын құжаттарды ұсынады;
осы Қағидалардың 6-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген адамдар ағымдағы жылғы рецептілік бланкінің дәрігер куәландырған көшірмесін және кассалық және/немесе тауарлық чекті ұсынады;
осы Қағидалардың 6-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген адамдар табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне келтірілген залал фактісін растайтын құжатты табыс етеді;
осы Қағидалардың 6-тармағының 12) тармақшасында көрсетілген адамдар өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы табыстары туралы мәліметтерді, қайтыс болу фактісін, сондай-ақ қайтыс болған кезде қайтыс болған адамды жұмыссыз ретінде тіркеу фактісін растайтын құжаттарды табыс етеді;
осы Қағидалардың 6-тармағының 13) тармақшасында көрсетілген адамдар бас бостандығынан айыру орындарынан босату, пробация қызметінің есебінде тұру фактісін растайтын құжаттарды ұсынады;
осы Қағидалардың 6-тармағының 14) тармақшасында көрсетілген адамдар әлеуметтік мәртебесін, санаторий-курорттық емделуге ақы төленгенін, санаторий-курорттық ұйым берген орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісін растайтын құжаттарды ұсынады;
осы Қағидалардың 6-тармағының 15) тармақшасында көрсетілген тұлғалар әлеуметтік мәртебесін, санаторий-курорттық емделуге ақы төленгенін растайтын құжаттарды, санаторий-курорттық ұйым берген орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісін ұсынады.
Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады. Салыстырып тексергеннен кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Әлеуметтік көмек өтініш берілген айдан бастап тағайындалады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Науырзым ауданы мәслихатының 01.10.2024 № 140 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 10.04.2024 бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады).14. Үлгілік қағидаларға 8-тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген негіздеме бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган немесе ауыл, ауылдық округтің әкімі 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
15. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акт жасайды, Үлгілік қағидаларға 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.
Ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен бірге әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
16. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жеткіліксіз болған жағдайда, әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган тиісті органдардан әлеуметтік көмек көрсету үшін ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді сұратады.
17. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуы мүмкін болмаған жағдайда, әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган тиісті мәліметтері бар өзге де уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім қабылдайды.
18. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық топтамасын арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
19. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған жағдайда әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
20. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек көрсетуге арналған құжаттарын тіркеген күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысы негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Осы Қағидалардың 16 және 17 тармақтарында көрсетілген жағдайларда әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушіден немесе ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
21. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда - негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
22. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
1) өтініш берушілер ұсынған дәйексіз мәліметтер анықталған;
2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен асқан жағдайларда жүзеге асырылады.
23. Әлеуметтік көмек ұсынуға арналған шығыстарды қаржыландыру облыстық маңызы бар қала бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
24. Әлеуметтік көмек:
1) алушы қайтыс болған;
2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
3) алушы мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберілген;
4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда жүзеге асырылады.
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
25. Әлеуметтік көмектің артық төленген сомалары ерікті түрде қайтарылуға жатады, заңсыз алынған сомалар ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылуға жатады.
26. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып, әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
Науырзым | |
аудандық мәслихатының | |
2023 жылғы 23 қарашадағы | |
№ 55 шешіміне | |
2 қосымша |
Мәслихаттың күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi
1. Мәслихаттың "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 9 қыркүйектегі № 386 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9459 тіркелген).
2. Мәслихаттың "Мәслихаттың 2020 жылғы 9 қыркүйектегі № 386" Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2021 жылғы 9 желтоқсандағы № 83 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25695 тіркелген).
3. Мәслихаттың "Мәслихаттың 2020 жылғы 9 қыркүйектегі № 386" Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 125 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27889 тіркелген).
4. Мәслихаттың "Мәслихаттың 9 жылғы 2020 қыркүйектегі № 386" Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 157 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29802 тіркелген).
5. Мәслихаттың "Мәслихаттың 2020 жылғы 9 қыркүйектегі № 386" Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 8 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9951 тіркелген).