Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 51 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10124-10 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
1) тармақша 5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1) Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылуының 35- жылдығына -15 ақпан:
Кеңес Армиясының, Әскери -теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілеріне, бұрыңғы КСР Одағының үкіметтік органдарының шешімдеріне сәйкес, Ауғанстан аумағындағы ұрыс - қимылдарына қатысқан әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса алғанда, бұрыңғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (бұдан әрі- КСР Одағы) ішкі істер министрлігінің басшы және қатардағы құрамының адамдарына 50 айлық көрсеткіш мөлшерінде;
оқу жаттығу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдарын жүргізу кезеңінде жiберiлген әскери мiндеттiлерге 50 айлық көрсеткіш мөлшерінде;
Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлерге 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде, әскери қызметтің өзге де міндеттерін атқару кезінде атқару кезінде, жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілерге 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
6-тармақтың 11) тармақшасы алып тасталсын;".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұзынкөл аудандық мәслихаттың төрағасы | Н. Булатов |