Федоров ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2024 жылғы 7 тамыздағы № 133 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 8 тамызда № 10253-10 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10-тармағына, "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шiлдедегi № 181 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33110 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Федоров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелері болу құнынан 0 (нөл) пайыз мөлшерінде бекітілсін.

      2. Федоров аудандық мәслихатының "Федоров ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы" 2023 жылғы 19 қазандағы № 72 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10071 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Федоров аудандық мәслихатының төрағасы Б. Исенгазин

Об утверждении ставок туристского взноса для иностранцев на 2024 год по Федоровскому району

Решение маслихата Федоровского района Костанайской области от 7 августа 2024 года № 133. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Костанайской области 8 августа 2024 года № 10253-10

      В соответствии с пунктом 2-10 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", приказом Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 14 июля 2023 года № 181 "Об утверждении Правил уплаты туристского взноса для иностранцев" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 33110) Федоровский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить ставки туристского взноса для иностранцев на 2024 год в местах размещения туристов в размере 0 (ноль) процентов от стоимости пребывания.

      2. Признать утратившим силу решение Федоровского районного маслихата "Об утверждении ставок туристского взноса для иностранцев по Федоровскому району" от 19 октября 2023 года № 72 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10071).

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Федоровского районного маслихата Б. Исенгазин