Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
осы қаулыны Павлодар облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Павлодар облысының әкімі | А. Байханов |
Павлодар облысы әкімдігінің 2024 жылғы 22 мамырдағы № 112/2 Қаулысына қосымша |
Павлодар облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2023 жылғы 8 маусымдағы "Павлодар облысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" № 129/3 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7344 болып тіркелген).
2. Павлодар облысы әкімдігінің 2023 жылғы 3 қазандағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2023 жылғы 8 маусымдағы "Павлодар облысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" № 129/3 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 242/3 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 186750 болып тіркелген).
3. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 наурыздағы "Білім беру ұйымдарының ішкі тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 72/3 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4431 болып тіркелген).