Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімдігінің 22.05.2024 № 112/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6-бабы 2-тармағының 24-7) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Павлодар облысы білім беру ұйымдарының ішкі тәртібінің үлгілік қағидалары бекітілсін.2. "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.Қ. Сәдібековке жүктелсін.4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Қ. Бозымбаев |
Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 наурыз № 72/3 қаулысымен бекітілген |
Павлодар облысы білім беру ұйымдарының ішкі тәртібінің үлгілік қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Павлодар облысы білім беру ұйымдарының ішкі тәртібінің үлгілік қағидалары Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6-бабы 24-7) тармақшасына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымдарының ішкі тәртібінің қағидасын әзірлеу және бекіту үшін негіз болып табылады.
2. Білім беру ұйымдарының ішкі тәртібінің үлгілік қағидасы білім беру ұйымдарының ішкі тәртіп қағидасын әзірлеу мен бекіту кезінде бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.
3. Білім беру ұйымдарының қызмет режимін ескере отырып (білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тәулік бойы болуы, олардың белгілі бір уақытта ғана болуы, оқу сабақтарының ауысымдылығы және білім беру ұйымының басқа да жұмыс ерекшелігіне қарай) білім беру ұйымының әкімшілігі педагог және білім беру ұйымының өзге де қызметкерлердің жұмыс және демалыс уақытының режимін белгілейді.
4. Ішкі тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымының әкімшілігі білім беру ұйымы қызметкерлерінің, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілердің білім беру саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасымен және білім беру ұйымының ішкі тәртіп қағидасымен жүктелген міндеттерді сақтауын қамтамасыз етеді.
2. Білім беру ұйымының ішкі тәртібі
5. Білім беру ұйымының ішкі тәртіп қағидасында:
білім беру ұйымының әкімшілігі мен педагогтерінің білім алушылармен және тәрбиеленушілермен және олардың өзге де заңды өкілдерімен өзара қарым-қатынасы;
оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың тәртібі;
білім алушылар мен тәрбиеленушілердің білім алуы және өмірі мен денсаулығын сақтау, балалардың құқықтарын қорғау үшін жағдайлар;
білім беру ұйымдарының еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы жағдайлары;
ұйым қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
білім беру ұйымы жұмысының басталу және аяқталу уақыты, сабақтардың арасындағы үзілістер;
білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу сабақтарының ұзақтығы қамтылуы тиіс.
6. Білім беру ұйымының әкімшілігі қызметкерлердің, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, сондай-ақ олардың ата-аналарының немесе басқа да заңды өкілдерінің білім беру ұйымының ішкі тәртібіне қолжетімділігін және таныстырылуын қамтамасыз етеді.