Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар облыстық мәслихатының "Павлодар облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" 2021 жылғы 26 қарашадағы № 82/8 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25907 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің атауы жаңа редакцияда жазылсын:
"Павлодар облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы";
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Медицина және фармацевтика қызметкерлеріне біржолғы төлем түрінде әлеуметтік қолдауды белгілеу жолымен Павлодар облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілетін медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесі, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.";
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы | И. Теренченко |
Павлодар облыстық мәслихатының 2024 жылғы 21 қазандағы № 149/16 шешіміне қосымша |
|
Павлодар облыстық мәслихатының 2021 жылғы 26 қарашадағы № 82/8 шешіміне қосымша |
Медицина және фармацевтика қызметкерлерiне бiржолғы төлем түрiнде әлеуметтiк қолдау белгiлеу арқылы Павлодар облысының ауылдық жерлерiне және кенттеріне, облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау шараларының жүйесi, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен көлемі
1. Жалпы ережелер
1. Негізгі ұғымдар:
1) Әлеуметтiк қолдау көрсету жөнiндегi уәкiлеттi орган - "Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - уәкiлеттi орган).
2) Жұмыс беруші – медицина және фармацевтика қызметкерімен еңбек шартын жасасқан, тиісті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымы.
3) Медицина қызметкерi – жоғары кәсіптік медициналық бiлiмі бар және медициналық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға (бұдан әрі - қызметкерлер).
4) Фармацевтика қызметкерi – жоғары фармацевтикалық бiлiмі бар және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға (бұдан әрі - қызметкерлер).
5) Қызметкерлерге әлеуметтік қолдау (бұдан әрі - әлеуметтік қолдау) ауылдық жерге және кенттерге, облыстық маңызы бар қалаларға жеті жыл мерзімге жіберілетін мамандарға әлеуметтік кепілдік ретінде бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын біржолғы көмек болып табылады.
2. Қызметкерлерге әлеуметтiк қолдау көрсету облыстық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
3. Біржолғы әлеуметтік қолдау алуға үміткер қызметкерлер жұмыс берушімен және уәкілетті органмен "Павлодар облысының ауылдық жерге, кенттерге, облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" келісім жасасады, оған сәйкес әлеуметтік қолдау алған қызметкер мемлекеттік медициналық ұйымдарда жеті жыл жұмыс істеуі тиіс. Мемлекеттік емес медициналық ұйымдардың қызметкерлеріне қатысты біржолғы әлеуметтік қолдау алу қолданылмайды.
4. Уәкілетті органға ведомстволық бағынысты мемлекеттік медициналық ұйымдарда еңбек шарттарын жасасқан қызметкерлердің ағымдағы жылы әлеуметтік қолдау шараларын алуға өтінім беруге құқығы бар.
5. Павлодар облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне мынадай мөлшерде әлеуметтік қолдау көрсетіледі:
1) Павлодар облысының облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген қызметкерлерге 3 500 000 (үш миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде;
2) Павлодар облысының ауылдық жеріне және кенттеріне жұмысқа жіберілген қызметкерлерге 8 500 000 (сегіз миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде.
6. Қызметкерлер әлеуметтік қолдау алу үшін уәкілетті органға мына құжаттарды ұсынады:
1) жеке куәлiгiнiң көшiрмесi;
2) жоғары кәсіптік бiлiмі туралы дипломының көшiрмесi;
3) еңбек еткенін растайтын құжатының көшiрмесi (Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес);
4) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымына жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшiрмесi.
7. Әлеуметтік қолдау көрсету туралы құжаттарды қарауды комиссия жүзеге асырады.
Комиссия мүшелерінің саны кемінде бес адамды құрауы тиіс.
Комиссия төрағасы лауазымы бойынша уәкілетті орган басшысының орынбасарынан төмен емес тұлға болып табылады.
Хатшы комиссия мүшесі болып табылмайды.
8. Комиссия қызметкерлер ұсынған осы Тәртіптің 6-тармағында көрсетілген құжаттарды қарайды және он бес жұмыс күні ішінде шешім қабылдайды.
9. Бiржолғы төлем қызметкерлердің өтiнiшiнiң негiзiнде, екiншi деңгейлi банкте ашылған есептiк шотына аудару арқылы отыз күнтізбелік күн ішінде төленедi.
Уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде қызметкерлерге комиссияның қабылдаған шешімі туралы хабарлайды.
10. Уәкілетті орган өндірістік қажеттілікке байланысты қызметкерді Павлодар облысы шегінде ауылдық жерде және кенттерде, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан бір медициналық ұйымынан басқасына ауыстыру туралы шешім қабылдаған жағдайда қызметкерге көрсетілген әлеуметтік қолдау сақталады.
11. Қызметкердің бастамасы бойынша еңбек шарты мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, қызметкер ерікті түрде бұрын аударылған бюджет қаражатын облыстық бюджеттің кірісіне қайтарады.
12. Қызметкердің не жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, жұмыс беруші Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен талап арыз беру арқылы бұрын аударылған бюджет қаражатын облыстық бюджеттің кірісіне қайтару жөнінде шаралар қабылдайды.
13. Жұмыс беруші қызметкер әлеуметтік қолдау алу құқығынан айырылған сәттен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей (еңбек шарты бұзылған жағдайда) бұл туралы уәкілетті органға хабарлайды.