Павлодар қалалық мәслихатының 2023 жылғы 13 қазандағы № 65/8 "Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2024 жылғы 24 мамырдағы № 153/17 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 10 маусымда № 7559-14 болып тіркелді

      Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар қалалық мәслихатының "Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 13 қазандағы № 65/8 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 7406-14 болып енгізілді) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:

      2- тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) "Павлодар облысы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";

      5- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:

      1) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;

      2) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні;

      3) 26 сәуір - радиациялық авариялар мен апаттардың салдарын жоюға және осы авариялар мен апаттардың құрбандарын еске алуға қатысушылар күні;

      4) 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні;

      5) 9 мамыр - Жеңіс күні;

      6) 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні;

      7) 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституция күні;

      8) 1 қазан- Карттар күні;

      9) 25 қазан - Қазақстан Республикасының күні;

      10) 16 желтоқсан- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.";

      8- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "8. Уәкілетті орган табыс есебінсіз көмек көрсетеді:

      1) атаулы күндер мен мереке күндеріне біржолғы әлеуметтік көмек:

      15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде:

      бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы) қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілеріне 150 000 (жүз елу мың) теңге;

      оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлеріне 150 000 (жүз елу мың) теңге;

      Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне 150 000 (жүз елу мың) теңге;

      бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне 150 000 (жүз елу мың) теңге;

      Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылары мен қызметшiлеріне 150 000 (жүз елу мың) теңге;

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына 150 000 (жүз елу мың) теңге;

      8 наурыз –Халықаралық әйелдер күніне уәкілетті ұйымның және әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде:

      мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы көп балалы аналарына (отбасыларына) 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде;

      26 сәуір - радиациялық апаттар мен апаттардың салдарын жоюға және осы апаттар мен апаттардың құрбандарын еске алуға қатысушылар күніне мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде:

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарына және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына 150 000 (жүз елу мың) теңге;

      1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқандарына, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарына 150 000 (жүз елу мың) теңге;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына 150 000 (жүз елу мың) теңге;

      сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасыларына 150 000 (жүз елу мың) теңге;

      1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарына 150 000 (жүз елу мың) теңге;

      7 мамыр –Отан қорғаушы күніне мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде:

      2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 150 000 (жүз елу мың) теңге;

      1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 150 000 (жүз елу мың) теңге;

      бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына 150 000 (жүз елу мың) теңге;

      9 мамыр –Жеңіс күніне мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде:

      Ұлы Отан соғысына қатысушыларына, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағын қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлеріне, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерiне 2 000 000 (екі миллион) теңге, сондай-ақ 10 (он) АЕК мөлшерінде азық-түлік жиынтығы;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарына, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары ауданында, майдан маңындағы теміржол учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілеріне, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілеріне, жұмысшылары мен қызметшілеріне 2 000 000 (екі миллион) теңге, сондай-ақ 10 (он) АЕК мөлшерінде азық-түлік жиынтығы;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының еріктi жалдамалы құрамының адамдарына 100 000 (жүз мың) теңге;

      Майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда Ұлы Отан соғысы кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшiлеріне, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 100 000 (жүз мың) теңге;

      бұрынғы КСР Одағы Қатынас жолдары халық комиссариатының, Байланыс халық комиссариатының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтерілу құрамының, Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы бас басқармасының ұшу-көтерілу құрамының арнаулы құралымдарының Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шекаралары, флоттардың жедел аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерi үшін мiндеттер атқарған қызметкерлерiне, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында еріксіз ұсталған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерiне 100 000 (жүз мың) теңге;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк балалары (тәрбиеленушiлерi) және юнгалар ретiнде болған адамдарына 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      Екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шет елдердiң аумағында партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да фашизмге қарсы құралымдар құрамында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдарына 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде қызметтік міндеттерін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген, бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 150 000 (жүз елу мың) теңге;

      басқа елдердегі майдандағы әскери контингенттерге қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдары жүргізілген кезеңде жаралануы, контузия алуы, мертігуі не ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген тиісті санаттардағы жұмысшылар мен қызметшілер 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарына 100 000 (жүз мың) теңге;

      1944 жылғы 1 қаңтар – 1951 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Украина КСР, Беларусь КСР, Литва КСР, Латвия КСР, Эстония КСР аумағында болған халықты қорғаушы жойғыш батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлері мен командалық құрамы қатарындағы, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарына 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарына 60 000 (алпыс мың) теңге;

      1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілеріне, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 150 000 (жүз елу мың) теңге;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарына 50 000 (елу мың) теңге;

      1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарына 50 000 (елу мың) теңге;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн (қызметтік мiндеттерді) атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан қаза болған (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердің, партизандардың, астыртын әрекет етушiлердің, Заңның 4, 5, 6-баптарында аталған адамдардың отбасыларына 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе шабуылына қарсы қорғаныстың объектiлiк және авариялық командаларының өзiн-өзi қорғау топтарының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасылары, Ленинград қаласының госпитальдары мен ауруханаларының қаза тапқан жұмыскерлерінiң отбасыларына 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағы Қорғаныс министрлiгiнің, ішкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының әскери мiндеттілер жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi қорғау жөнiндегi міндеттерді орындау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлерінiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасыларына 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) 60 000 (алпыс мың) теңге;

      бұрынғы КСР Одағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерiне, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда) 150 000 (жүз елу мың) теңге;

      31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде:

      сотпен немесе Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңында белгіленген тәртіппен саяси қуғын-сүргіндер құрбаны немесе саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен деп танылған азаматтарына 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      Социалистік Еңбек Ерлеріне, үш дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің иегерлеріне 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      "Қазақстанның Еңбек Ері", "Халық қаһарманы" атағына ие болған адамдарына 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күніне уәкілетті ұйымның және әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде:

      18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде;

      Қазақстан Республикасының колледждерінде ақылы негізде оқитын мүгедектігі бар адамдарына 30 (отыз) АЕК мөлшерінде;

      Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында ақылы негізде оқитын мүгедектігі бар адамдарына 60 (алпыс) АЕК мөлшерінде;

      1 қазан - Карттар күніне мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде:

      зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерінен төмен алатын азаматтарына 2 (екі) АЕК мөлшерінде;

      зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең аз мөлшерінен төмен алатын 80 жастағы және одан (асқан) көп жасқа толған азаматтарына 3 (үш) АЕК мөлшерінде.

      25 қазан - Қазақстан Республикасының күніне уәкілетті ұйымның және әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде:

      18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларына 5 (бес) АЕК мөлшерінде;

      бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарына 5 (бес) АЕК мөлшерінде;

      16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде:

      Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңымен белгіленген 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Қазақстандағы оқиғаларға қатысқан азаматтарға 60 (алпыс) АЕК мөлшерінде.";

      "2) біржолғы әлеуметтік көмек:

      Қағиданың 12-тармағының 1) тармағында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде қызметтердің және (немесе) атқарылған жұмыстарына келісім-шарт, тұрғын үйді жөндеуге нақты шығындар бойынша 500 (бес жүз) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі-АЕК), 7-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін;

      Қағиданың 12-тармағының 1) тармағында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде сауықтыруға арналған 50 (елу) АЕК мөлшерінде, 7-тармақтың 2) тармақшасында, бесінші абзацының 3) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін;

      Қағиданың 12-тармағының 1) тармағында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға санаторлық-курорттық емделуге еріп жүруіне 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде, екінші абзацының 7-тармағы 8) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін;

      мемлекеттік корпорацияның негізінде 2,5 АЕК мөлшерінде, екінші абзацының 7-тармағы 8) тармақшасында көрсетілген санат үшін;

      Қағиданың 12-тармағының 1) тармағында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде санаторлық-курорттық емделуге жеке көмекшінің еріп жүруіне 55 (елу бес) АЕК мөлшерінде, үшінші абзацының 7-тармағы 8) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін;

      "Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің тізімі негізінде республикалық, халықаралық жарыстарға дайындалу үшін 15 (он бес) АЕК мөлшерінде, жетінші абзацының 7-тармағы 8) тармақшасында көрсетілген санат үшін;

      мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде 4 (төрт) АЕК мөлшерінде, үшінші абзацының 7-тармағы 8) тармақшасында көрсетілген санат үшін (18 жастан және одан жоғары);

      Қағиданың 12-тармағының 1) тармағында көрсетілген құжатты, баланың туу туралы куәлігін қоса бере отырып өтініш негізінде кәмелетке толған балалары бар мүгедектігі бар адамдарына 5 (бес) АЕК мөлшерінде;

      Қағиданың 12-тармағының 1) тармақшасында, бесінші абзацынын 3) тармақшасында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 10 (он) АЕК мөлшерінде, екінше абзацының 7-тармағы 11) тармақшасында көрсетілген санат үшін;

      Қағиданың 12-тармағының 1) тармақшасында, екінші абзацының 3) тармақшасында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан не оның мүлкіне зиян келтіру, (меншігінде бір тұрғын үйі (пәтер, үй) бар азаматтарға (отбасына) қоспағанда) - 100 (жүз) АЕК мөлшерінде (алты айға жарамды);

      "Павлодар облыстық онкологиялық диспансері" шаруашылық жүргізу құқығында коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны ұсынған тізімі негізінде онкологиялық аурумен ауыратын тұлғаларға 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының "Павлодар облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ұсынған тізімі негізінде адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғышы ауруынан зардап шегетін тұлғаларға 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      Қағиданың 12-тармағының 1) тармақшасында, үшінші абзацынын 3) тармақшасында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде "жүйелі қызыл жегі" ауруынан зардап шегетін тұлғаларға 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      Қағиданың 12-тармағының 1) тармақшасында, үшінші абзацынын 3) тармақшасында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде "инсулинге тәуелді қант диабеті" ауруынан зардап шегетін тұлғаларға 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      Қағиданың 12-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды, 12 аптаға дейін жүктілікке тұруы туралы медициналық анықтаманы қоса бере отырып өтініш негізінде 12 аптаға дейін жүктілік мерзімінде есепке тұрған, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын аз қамтамасыз етілген отбасылардағы әйелдеріне 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде;

      қала әкімі, жоғары оқу орнының басшысы және студентпен қолы қойылған білім беру қызметтерін көрсетуге үш жақты келісім-шартта көрсетілген сома Қағиданың 12-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 7-тармақтың 10) тармақшасында көрсетілген санат үшін төленеді;

      тұрғын үйге меншік құқығын растайтын (пайдалануға) құжаттың көшірмесі немесе жалға алу келісім-шарт негізінде, пештік жылытуды растайтын құжат, Қағиданың 12-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде қатты отын сатып алуға (екінші жартыжылдықта көрсетіледі), бірінші абзацының 7-тармағы 11) тармақшасында көрсетілген санат үшін.";

      "3) тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек:

      Қағиданың 12-тармағының 1) тармағында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде, 7-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санат үшін (сауықтыруға);

      Қағиданың 12-тармағының 1) тармағында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 10 (он) АЕК мөлшерінде, 7-тармақтың 2) тармақшасында, үшінші, төртінші, бесінші абзацтарының 3) тармақшасында, үшінші абзацының 4) тармақшасында, екінші абзацының 6) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін (коммуналдык қызметтерге).";

      "4) ай сайынғы әлеуметтік көмек:

      Қағиданың 12-тармағының алтыншы абзацында 3) тармақшасында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде 3 (үш) АЕК мөлшерінде, үшінші, төртінші, бесінші абзацтарының 7-тармағы 8) тармақшасында (өзіне-өзі күтім көрсете алмайтын және денсаулығының жай-күйіне байланысты үнемі көмек көрсетуге мұқтаж, өздерінің ата-аналарын (жұбайын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбекке жарамды кәмелетке толған балалары (жұбайы) жоқ немесе объективті себептер бойынша оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз ете алмайтын жақын туыстары мүгедектігі бар адамдар (қарттық жасына, бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды, онкологиялық, психикалық ауруларының болуы, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына немесе елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуі немесе басқа елді мекенде тұруы) көрсетілген санаттар үшін;

      7-тармақтың 10) тармақшасында көрсетілген санат үшін оқу кезеңінде тұруға, тамақтануға және тұрғылықты жеріне жол жүруге 8 (сегіз) АЕК мөлшерінде;

      Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының "Павлодар облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ұсынған тізімі негізінде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс екі еселеген мөлшерінде, адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғышы ауруынан зардап шегетін балаларға;

      Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының "Павлодар облыстық фтизиопульмонология орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ұсынған тізімі негізінде амбулаторлық емдеудегі туберкулез ауруынан зардап шегетін тұлғаларға 10 (он) АЕК мөлшерінде.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар қалалық мәслихатының төрағасы К. Кожин

      КЕЛІСІЛДІ:
Павлодар облысы әкімінің м. а.
_______________ С. Батырғұжинов
2024 жылғы "___" __________

О внесении изменений в решение Павлодарского городского маслихата от 13 октября 2023 года № 65/8 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в городе Павлодаре"

Решение Павлодарского городского маслихата Павлодарской области от 24 мая 2024 года № 153/17. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Павлодарской области 10 июня 2024 года № 7559-14

      Павлодарский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Павлодарского городского маслихата "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в городе Павлодаре" от 13 октября 2023 года № 65/8 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7406-14) следующие изменения:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в городе Павлодаре, утвержденных указанным решением:

      подпункт 1) пункта 2 изложить в новой редакции:

      "1) Государственная корпорация "Правительство для граждан" по Павлодарской области (далее – Государственная корпорация) – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан для оказания государственных услуг в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме;";

      пункт 5 изложить в новой редакции:

      "5. Перечни праздничных дней и памятных дат для оказания социальной помощи:

      1) День вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан - 15 февраля;

      2) Международный женский день - 8 марта;

      3) День участников ликвидации последствий радиационных аварий и катастроф и памяти жертв этих аварий и катастроф - 26 апреля;

      4) День защитника Отечества - 7 мая;

      5) День Победы - 9 мая;

      6) День памяти жертв политических репрессий и голода - 31 мая;

      7) День Конституции Республики Казахстан - 30 августа;

      8) День пожилых людей - 1 октября;

      9) День Республики Казахстан - 25 октября;

      10) День Независимости Республики Казахстан - 16 декабря.";

      пункт 8 изложить в новой редакции:

      "8. Уполномоченный орган оказывает без учета дохода:

      1) единовременную социальную помощь к праздничным дням и памятным датам:

      ко Дню вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан - 15 февраля на основании списка государственной корпорации:

      военнослужащим, которым инвалидность установлена вследствие ранения, контузии, увечья, полученных при защите бывшего Союза Советских Социалистических Республик (далее – Союза ССР), исполнении иных обязанностей воинской службы в другие периоды, или вследствие заболевания, связанного с пребыванием на фронте, а также при прохождении воинской службы в Афганистане или других государствах, в которых велись боевые действия в размере 150 000 (сто пятьдесят тысяч) тенге;

      военнообязанным, призвавшимся на учебные сборы и направлявшимся в Афганистан в период ведения боевых действий в размере 150 000 (сто пятьдесят тысяч) тенге;

      военнослужащим автомобильных батальонов, направлявшимся в Афганистан для доставки грузов в эту страну в период ведения боевых действий в размере 150 000 (сто пятьдесят тысяч) тенге;

      военнослужащим летного состава, совершавшим вылеты на боевые задания в Афганистан с территории бывшего Союза ССР в размере 150 000 (сто пятьдесят тысяч) тенге;

      рабочим и служащим, обслуживавшим советский воинский контингент в Афганистане, получившим ранения, контузии или увечья либо награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за участие в обеспечении боевых действий в размере 150 000 (сто пятьдесят тысяч) тенге;

      семьям военнослужащих, погибших (пропавших без вести) или умерших вследствие ранения, контузии, увечья, заболевания, полученных в период боевых действий в Афганистане или других государствах, в которых велись боевые действия в размере 150 000 (сто пятьдесят тысяч) тенге;

      к Международному женскому дню - 8 марта на основании списка государственной корпорации и уполномоченного органа по оказанию социальной помощи:

      многодетным матерям (семьям) из числа получателей государственной адресной социальной помощи в размере 5 (пять) месячных расчетных показателей (далее - МРП);

      ко Дню участников ликвидации последствий радиационных аварий и катастроф и памяти жертв этих аварий и катастроф - 26 апреля на основании списка государственной корпорации:

      лицам, которым инвалидность установлена вследствие катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, ядерных испытаний, и их детям, инвалидность которых генетически связана с радиационным облучением одного из родителей в размере 150 000 (сто пятьдесят тысяч) тенге;

      лицам, принимавшим участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1986 - 1987 годах, других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, а также участвовавшим непосредственно в ядерных испытаниях в размере 150 000 (сто пятьдесят тысяч) тенге;

      семьям лиц, погибших при ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения в размере 150 000 (сто пятьдесят тысяч) тенге;

      семьям умерших вследствие лучевой болезни или умерших лиц с инвалидностью, а также гражданам, смерть которых в установленном порядке связана с воздействием катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения и ядерных испытаний в размере 150 000 (сто пятьдесят тысяч) тенге;

      лицам из числа участников ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1988 – 1989 годах, эвакуированным (самостоятельно выехавшим) из зон отчуждения и отселения в Республику Казахстан, включая детей, которые на день эвакуации находились во внутриутробном состоянии в размере 150 000 (сто пятьдесят тысяч) тенге;

      ко Дню защитника Отечества - 7 мая на основании списка государственной корпорации:

      военнослужащим Республики Казахстан, принимавшим участие в качестве миротворцев в международной миротворческой операции в Ираке в период с августа 2003 года по октябрь 2008 года в размере 150 000 (сто пятьдесят тысяч) тенге;

      военнослужащим Республики Казахстан, выполнявшим задачи согласно межгосударственным договорам и соглашениям по усилению охраны границы Содружества Независимых Государств на таджикско-афганском участке в период с сентября 1992 года по февраль 2001 года в размере 150 000 (сто пятьдесят тысяч) тенге;

      семьям военнослужащих, погибших (умерших) при прохождении воинской службы в мирное время в размере 150 000 (сто пятьдесят тысяч) тенге;

      ко Дню Победы - 9 мая на основании списка государственной корпорации:

      участникам Великой Отечественной войны, а именно военнослужащим, проходившим службу в воинских частях, штабах и учреждениях, входивших в состав дейтвующей армии и флота в период Великой Отечественной войны, а также во время других боевых операций по защите бывшего Союза ССР, партизанам и подпольщикам Великой Отечественной войны в размере 2 000 000 (два миллиона) тенге, а также продуктовый набор в размере 10 (десять) МРП;

      лицам с инвалидностью вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны, а именно военнослужащим действующей армии и флота, партизанам и подпольщикам Великой Отечественной войны, а также рабочим и служащим, которым инвалидность установлена вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны на фронте, в районе военных действий, на прифронтовых участках железных дорог, сооружениях оборонительных рубежей, военно-морских баз и аэродромов в размере 2 000 000 (два миллиона) тенге, а также продуктовый набор в размере 10 (десять) МРП;

      лицам вольнонаемного состава Советской Армии, Военно-Морского Флота, войск и органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, занимавшим штатные должности в воинских частях, штабах, учреждениях, входивших в состав действующей армии в период Великой Отечественной войны, либо находившимся в соответствующие периоды в городах, участие в обороне которых засчитывалось до 1 января 1998 года в выслугу лет для назначения пенсии на льготных условиях, установленных для военнослужащих частей действующей армии в размере 100 000 (сто тысяч) тенге;

      военнослужащим, а также лицам начальствующего и рядового состава органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, проходившим в период Великой Отечественной войны службу в городах, участие в обороне которых засчитывалось до 1 января 1998 года в выслугу лет для назначения пенсии на льготных условиях, установленных для военнослужащих частей действующей армии в размере 100 000 (сто тысяч) тенге;

      работникам специальных формирований Народного комиссариата путей сообщения, Народного комиссариата связи, плавающего состава промысловых и транспортных судов и летно-подъемного состава авиации, Народного комиссариата рыбной промышленности бывшего Союза ССР, морского и речного флота, летно-подъемного состава Главсевморпути, которые в период Великой Отечественной войны были переведены на положение военнослужащих и выполняли задачи в интересах действующей армии и флота в пределах тыловых границ действующих фронтов, оперативных зон флотов, а также членам экипажей судов транспортного флота, интернированным в начале Великой Отечественной войны в портах других государств в размере 100 000 (сто тысяч) тенге;

      лицам, которые в период Великой Отечественной войны находились в составе частей, штабов и учреждений, входивших в состав действующей армии и флота, в качестве сыновей (воспитанников) полков и юнг в размере 10 (десять) МРП;

      лицам, принимавшим участие в боевых действиях против фашистской Германии и ее союзников в годы Второй мировой войны на территории зарубежных стран в составе партизанских отрядов, подпольных групп и других антифашистских формирований в размере 10 (десять) МРП;

      лицам начальствующего и рядового состава органов государственной безопасности бывшего Союза ССР и органов внутренних дел, которым инвалидность установлена вследствие ранения, контузии, увечья, полученных при исполнении служебных обязанностей, либо вследствие заболевания, связанного с пребыванием на фронте или выполнением служебных обязанностей в государствах, в которых велись боевые действия в размере 150 000 (сто пятьдесят тысяч) тенге;

      рабочим и служащим соответствующих категорий, обслуживавшим действовавшие воинские контингенты в других странах и которым инвалидность установлена вследствие ранения, контузии, увечья либо заболевания, полученных в период ведения боевых действий в размере 10 (десять) МРП;

      несовершеннолетним узникам концлагерей, гетто и других мест принудительного содержания, созданных фашистами и их союзниками в период Второй мировой войны в размере 100 000 (сто тысяч) тенге;

      лицам из числа бойцов и командного состава истребительных батальонов, взводов и отрядов защиты народа, действовавших в период с 1 января 1944 года по 31 декабря 1951 года на территории Украинской ССР, Белорусской ССР, Литовской ССР, Латвийской ССР, Эстонской ССР, которым инвалидность установлена вследствие ранения, контузии или увечья, полученных при исполнении служебных обязанностей в этих батальонах, взводах, отрядах в размере 10 (десять) МРП;

      гражданам, работавшим в период блокады в городе Ленинграде на предприятиях, в учреждениях и организациях города и награжденным медалью "За оборону Ленинграда" или знаком "Житель блокадного Ленинграда" в размере 60 000 (шестьдесят тысяч) тенге;

      военнослужащим, а также лицам начальствующего и рядового состава органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, принимавшим участие в урегулировании межэтнического конфликта в Нагорном Карабахе в период с 1986 по 1991 годы в размере 150 000 (сто пятьдесят тысяч) тенге;

      лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны в размере 50 000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      лицам, проработавшим (прослужившим) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны в размере 50 000 (пятьдесят тысяч) тенге;

      семьям военнослужащих, партизан, подпольщиков, лиц, указанных в статьях 4 – 6 Закона, погибших (пропавших без вести) или умерших в результате ранения, контузии или увечья, полученных при защите бывшего Союза ССР, исполнении иных обязанностей воинской службы (служебных обязанностей), или вследствие заболевания, связанного с пребыванием на фронте в размере 10 (десять) МРП;

      семьям погибших в Великой Отечественной войне лиц из числа личного состава групп самозащиты объектовых и аварийных команд местной противовоздушной обороны, семьям погибших работников госпиталей и больниц города Ленинграда в размере 10 (десять) МРП;

      семьям военнослужащих, лиц начальствующего и рядового состава, призванных на сборы военнообязанных Министерства обороны, органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, погибших (умерших) во время выполнения задач по охране общественного порядка при чрезвычайных обстоятельствах, связанных с антиобщественными проявлениями в размере 10 (десять) МРП;

      супруге (супругу) умершего лица с инвалидностью вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны, или лица, приравненного по льготам к лицам с инвалидностью вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны, а также супруге (супругу) умершего участника Великой Отечественной войны, партизана, подпольщика, гражданина, награжденного медалью "За оборону Ленинграда" или знаком "Жителю блокадного Ленинграда", признававшихся лицами с инвалидностью в результате общего заболевания, трудового увечья и других причин (за исключением противоправных), которые не вступали в повторный брак в размере 60 000 (шестьдесят тысяч) тенге;

      военнослужащим Советской Армии, Военно-Морского Флота, Комитета государственной безопасности, лицам начальствующего и рядового состава Министерства внутренних дел бывшего Союза ССР (включая военных специалистов и советников), которые в соответствии с решениями правительственных органов бывшего Союза ССР принимали участие в боевых действиях на территории других государств в размере 150 000 (сто пятьдесят тысяч) тенге;

      ко Дню памяти жертв политических репрессий и голода - 31 мая на основании списка государственной корпорации:

      гражданам, признанным в судебном либо ином установленном законом Республики Казахстан "О реабилитации жертв массовых политических репрессий" порядке жертвами политических репрессий или пострадавшими от политических репрессий в размере 10 (десять) МРП;

      Героям Социалистического Труда, кавалерам ордена Трудовой Славы трех степеней в размере 10 (десять) МРП;

      лицам, удостоенным званий "Қазақстанның Еңбек Ері", "Халық қаһарманы" в размере 10 (десять) МРП;

      ко Дню Конституции Республики Казахстан – 30 августа на основании списка государственной корпорации и уполномоченного органа по оказанию социальной помощи:

      семьям воспитывающим детей с инвалидностью до 18 лет в размере 20 (двадцать) МРП;

      лицам с инвалидностью, обучающимся в колледжах Республики Казахстан на платной основе в размере 30 (тридцать) МРП;

      лицам с инвалидностью, обучающимся в высших учебных заведениях Республики Казахстан на платной основе в размере 60 (шестьдесят) МРП;

      ко Дню Пожилых людей - 1 октября на основании списка государственной корпорации:

      гражданам, достигшим пенсионного возраста, получающим минимальный размер пенсии и (или) пособия или ниже минимального размера пенсии и (или) пособия в размере 2 (два) МРП;

      гражданам от 80 лет и более (старше), получающим минимальный размер пенсии и (или) пособия или ниже минимального размера пенсии и (или) пособия в размере 3 (три) МРП;

      ко Дню Республики Казахстан - 25 октября на основании списка государственной корпорации и уполномоченного органа по оказанию социальной помощи:

      детям с инвалидностью до 18 лет в размере 5 (пять) МРП;

      лицам с инвалидностью первой и второй группы в размере 5 (пять) МРП;

      ко Дню Независимости Республики Казахстан - 16 декабря на основании списка государственной корпорации:

      лицам, принимавшие участие в событиях 17-18 декабря 1986 года в Казахстане, установленным Законом Республики Казахстан "О реабилитации жертв массовых политических репрессий" в размере 60 (шестьдесят) МРП.";

      "2) единовременную социальную помощь:

      для категорий, указанных в подпункте 1) пункта 7 на ремонт жилья по фактическим затратам 500 (пятьсот) месячных расчетных показателей (далее - МРП) - на основании заявления с приложением документа, указанного в подпункте 1) пункта 12 Правил, договора на выполнение работ и (или) оказанных услуг;

      для категорий, указанных в подпункте 2), в абзаце пятом подпункта 3), пункта 7 на оздоровление в размере 50 (пятьдесят) МРП - на основании заявления с приложением документа, указанного в подпункте 1) пункта 12 Правил;

      для категорий, указанной в абзаце втором подпункта 8) пункта 7 на сопровождение детей с инвалидностью до 18 лет на санаторно- курортное лечение в размере 20 (двадцать) МРП - на основании заявления с приложением документа, указанного в подпункте 1) пункта 12 Правил;

      для категории, указанной в абзаце втором подпункта 8) пункта 7 в размере 2,5 МРП - на основании списка государственной корпорации;

      для категорий, указанной в абзаце третьем подпункта 8) пункта 7 на сопровождение индивидуальным помощником на санаторно- курортное лечение в размере 55 (пятьдесят пять) МРП - на основании заявления с приложением документа, указанного в подпункте 1) пункта 12 Правил;

      для категории, указанной в абзаце седьмом подпункта 8) пункта 7 для подготовки к республиканским, международным соревнованиям в размере 15 (пятнадцать) МРП - на основании списка государственного учреждения "Отдел физической культуры и спорта города Павлодара";

      для категории, указанной в абзаце третьем (с 18 лет и старше) подпункта 8) пункта 7 в размере 4 (четыре) МРП - на основании списка государственной корпорации;

      лицам с инвалидностью, имеющим несовершеннолетних детей в размере 5 (пять) МРП - на основании заявления с приложением документа, указанного в подпункте 1) пункта 12 Правил, свидетельства о рождении ребенка;

      для категории, указанной в абзаце втором подпункта 11) пункта 7 в размере 10 (десять) МРП - на основании заявления с приложением документов, указанных в подпунктах 1), абзаце пятом подпункта 3) пункта 12 Правил;

      причинением ущерба гражданам (семьям) либо его имуществу вследствие стихийного бедствия или пожара (за исключением граждан (семей), которые имеют в собственности более одной единицы жилья (квартиры, дома)) - в размере 100 (сто) МРП - на основании заявления с приложением документов, указанных в подпунктах 1), абзаце втором подпункта 3) (действительна в течении шести месяцев) пункта 12 Правил;

      лицам, страдающим онкологическим заболеванием в размере 10 (десять) МРП - на основании списка, предоставляемого коммунальным государственным предприятием на праве хозяйственного ведения "Павлодарский областной онкологический диспансер";

      лицам, страдающим заболеванием вируса иммунодефицита человека в размере 10 (десять) МРП - на основании списка, предоставляемого коммунальным государственным казенным предприятием "Павлодарский областной центр по профилактике ВИЧ - инфекции" управления здравоохранения Павлодарской области акимата Павлодарской области;

      лицам, страдающим заболеванием "системная красная волчанка" в размере 10 (десять) МРП - на основании заявления с приложением документов, указанных в подпунктах 1), абзаце третьем подпункта 3) пункта 12 Правил;

      лицам, страдающим заболеванием "инсулинозависимый сахарный диабет" в размере 10 (десять) МРП - на основании заявления с приложением документов, указанных в подпунктах 1), абзаце третьем подпункта 3) пункта 12 Правил;

      женщинам из малообеспеченных семей со среднедушевым доходом, не превышающим величины прожиточного минимума, вставшим на учет в сроке беременности до 12 недель в размере 20 (двадцать) МРП - на основании заявления с приложением документов, указанных в подпунктах 1), 2), 3) пункта 12 Правил, медицинской справки о постановке на учет по беременности до 12 недель;

      для категории, указанной в подпункте 10) пункта 7 на основании заявления с приложением документов, указанных в подпунктах 1), 2) пункта 12 Правил, оплачивается сумма, указанная в трехстороннем договоре на оказание образовательных услуг, подписанном акимом города, руководителем высшего учебного заведения и студентом;

      для категории, указанной в абзаце первом подпункта 11) пункта 7 на приобретение твердого топлива в размере 20 (двадцать) МРП (оказывается во втором полугодии) на основании заявления с приложением документов, указанных в подпунктах 1), 2) пункта 12 Правил, копии документа, подтверждающего право собственности (пользования) на жилище, или на основании договора аренды, документа, подтверждающего печное отопление.";

      "3) ежеквартальную социальную помощь:

      для категорий, указанных в подпункте 1) пункта 7 (на оздоровление) в размере 20 (двадцать) МРП на основании заявления с приложением документа, указанного в подпункте 1) пункта 12 Правил;

      для категорий, указанных в подпункте 2), в абзацах третьем, четвертом, пятом подпункта 3), абзаце третьем подпункта 4), абзаце втором подпункта 6) пункта 7 (на коммунальные услуги) в размере 10 (десять) МРП на основании заявления с приложением документа, указанного в подпункте 1) пункта 12 Правил.";

      "4) ежемесячную социальную помощь:

      для категорий, указанных в абзацах третьем, четвертом, пятом подпункта 8) пункта 7 (лицам с инвалидностью, не способным самостоятельно себя обслужить и нуждающимся по состоянию здоровья в постоянной помощи, не имеющим трудоспособных совершеннолетних детей (супруга), обязанных содержать своих родителей (супруга) и заботиться о них, или имеющих близких родственников, которые по объективным причинам не могут обеспечить им постоянную помощь и уход (в силу преклонного возраста, лица с инвалидностью первой, второй группы, онкологические, психические заболевания, находятся в местах лишения свободы или выехали на постоянное местожительство за пределы страны или проживают в другом населенном пункте) в размере 3 (три) МРП на основании заявления с приложением документа, указанного в абзаце шесть подпункта 3) пункта 12 Правил;

      для категории, указанной в подпункте 10) пункта 7 на проживание, питание и проезд к месту жительства на период обучения, в размере 8 (восемь) МРП;

      детям, страдающим заболеванием вируса иммунодефицита человека в размере двухкратного прожиточного минимума установленного Законом Республики Казахстан о республиканском бюджете на соответствующий финансовый год, на основании списка, предоставляемого коммунальным государственным казенным предприятием "Павлодарский областной центр по профилактике ВИЧ - инфекции" управления здравоохранения Павлодарской области акимата Павлодарской области;

      лицам, страдающим туберкулезным заболеванием, находящимся на амбулаторном лечении в размере 10 (десять) МРП на основании списка, предоставляемого коммунальным государственным казенным предприятием "Павлодарский Областной центр фтизиопульмонологии" управления здравоохранения Павлодарской области, акимата Павлодарской области.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Павлодарского городского маслихата К. Кожин

      СОГЛАСОВАНО:
И. о. акима Павлодарской области
_______________ С. Батыргужинов
"___" ____________ 2024 года