Ақсу қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 20 қаңтардағы № 73/1 "Ақсу қаласының және Ақсу қаласы ауылдық округтерінің аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 26 қарашадағы № 979/11 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 28 қарашада № 7617-14 болып тіркелді

      Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ақсу қаласының және Ақсу қаласы ауылдық округтерінің аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" Ақсу қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 20 қаңтардағы № 73/1 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7195 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 12-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" № 264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақсу қаласының әкімі Б. Шарипов

О внесении изменения в постановление акимата города Аксу от 20 января 2021 года № 73/1 "Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов на территории города Аксу и сельских округов города Аксу"

Постановление акимата города Аксу Павлодарской области от 26 ноября 2024 года № 979/11. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Павлодарской области 28 ноября 2024 года № 7617-14

      Акимат города Аксу ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата города Аксу "Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов на территории города Аксу и сельских округов города Аксу" от 20 января 2021 года № 73/1 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7195) следующее изменение:

      преамбулу к указанному постановлению изложить в новой редакции:

      "В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 12 Закона Республики Казахстан "О регулировании торговой деятельности", приказом исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 264 "Об утверждении Правил внутренней торговли" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 11148), акимат города Аксу ПОСТАНОВЛЯЕТ:".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Аксу Б. Шарипов