Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ақсу қаласының және Ақсу қаласы ауылдық округтерінің аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" Ақсу қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 20 қаңтардағы № 73/1 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7195 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 12-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" № 264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақсу қаласының әкімі | Б. Шарипов |