Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Екібастұз қалалық мәслихатының "Екібастұз қаласы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы" 2023 жылғы 22 қыркүйектегі № 59/7 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7394-14 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1- тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда Екібастұз қаласы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелері хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болу құнынан 0 (нөл) пайыз мөлшерінде бекітілсін."
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ж. Жакупов |