Екібастұз қалалық мәслихатының 2023 жылғы 22 қыркүйектегі № 59/7 "Екібастұз қаласы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2024 жылғы 27 ақпандағы № 133/16 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 28 ақпанда № 7495-14 болып тіркелді

      Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Екібастұз қалалық мәслихатының "Екібастұз қаласы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы" 2023 жылғы 22 қыркүйектегі № 59/7 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7394-14 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1- тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда Екібастұз қаласы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелері хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болу құнынан 0 (нөл) пайыз мөлшерінде бекітілсін."

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ж. Жакупов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады