Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығарудың 35 жылдығына орай Ақтоғай ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 7 ақпандағы № 106/14 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 13 ақпанда № 7480-14 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығарудың 35 жылдығына орай - 2024 жылғы 15 ақпанда алушылардан өтініштерді талап етпей, уәкілетті ұйымның тізімі негізінде келесі санаттарға біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілсін:

      оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлеріне 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі – КСР Одағы) аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылары мен қызметшiлеріне 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілеріне 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ақтоғай аудандық мәслихатының төрағасы Ж. Ташенев

      КЕЛІСІЛДІ:

      Павлодар облысының әкімдігі

      _______________ А. Байханов

      2024 жылғы "___" __________

Об оказании дополнительной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Актогайского района к 35 летию вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан

Решение Актогайского районного маслихата Павлодарской области от 7 февраля 2024 года № 106/14. Зарегистрировано в Департаментом юстиции Павлодарской области 13 февраля 2024 года № 7480-14

      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 17 Закона Республики Казахстан "О ветеранах", постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 523 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", Актогайский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Оказать единовременную социальную помощь к 35 - летию вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан – 15 февраля 2024 года, без истребования заявлений от получателей, на основании списка уполномоченной организации, следующим категориям:

      военнообязанным, призвавшимся на учебные сборы и направлявшимся в Афганистан в период ведения боевых действий в размере 100 000 (сто тысяч) тенге;

      военнослужащим автомобильных батальонов, направлявшимся в Афганистан для доставки грузов в эту страну в период ведения боевых действий в размере 100 000 (сто тысяч) тенге;

      военнослужащим летного состава, совершавшим вылеты на боевые задания в Афганистан с территории бывшего Союза Советских Социалистических Республик (далее – Союза ССР) в размере 100 000 (сто тысяч) тенге;

      рабочим и служащим, обслуживавшим советский воинский контингент в Афганистане, получившим ранения, контузии или увечья либо награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за участие в обеспечении боевых действий в размере 100 000 (сто тысяч) тенге;

      военнослужащим, которым инвалидность установлена вследствие ранения, контузии, увечья, полученных при защите бывшего Союза ССР, исполнении иных обязанностей воинской службы в другие периоды, или вследствие заболевания, связанного с пребыванием на фронте, а также при прохождении воинской службы в Афганистане или других государствах, в которых велись боевые действия в размере 100 000 (сто тысяч) тенге;

      семьям военнослужащих, погибших (пропавших без вести) или умерших вследствие ранения, контузии, увечья, заболевания, полученных в период боевых действий в Афганистане или других государствах, в которых велись боевые действия в размере 100 000 (сто тысяч) тенге;

      2. Настоящее решение вводится в действие после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Актогайского районного маслихата Ж. Ташенев

      СОГЛАСОВАНО:

      Акимат Павлодарской области

      _______________А.Байханов

      "___"__________2024 года