Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар облысы Ақтоғай ауданы әкімінің "Ақтоғай ауданы аумағында жергiлiктi ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" 2022 жылғы 5 сәуірдегі № 1 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27437 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтоғай ауданы әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтоғай ауданының әкімі | К. Арынов |