Павлодар облысы Ақтоғай ауданы әкімінің шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақтоғай ауданы әкімінің 2024 жылғы 31 шілдедегі № 5 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 19 тамызда № 7582-14 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар облысы Ақтоғай ауданы әкімінің "Ақтоғай ауданы аумағында жергiлiктi ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" 2022 жылғы 5 сәуірдегі № 1 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27437 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтоғай ауданы әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтоғай ауданының әкімі К. Арынов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады