Тереңкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тереңкөл аудандық мәслихатының "Тереңкөл ауданында шетелдіктер үшін арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы" 2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 5/10 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7439-14 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. 2024 жылға Тереңкөл ауданында шетелдіктер туристік жарна мөлшерлемелері хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болу құнынан 0 (нөл) пайызы мөлшерінде бекітілсін.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тереңкөл аудандық мәслихатының төрағасы | Р. Габидулин |