Тереңкөл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 5/10 "Тереңкөл ауданында шетелдіктер үшін арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Тереңкөл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 наурыздағы № 2/16 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 27 наурызда № 7519-14 болып тіркелді

      Тереңкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тереңкөл аудандық мәслихатының "Тереңкөл ауданында шетелдіктер үшін арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы" 2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 5/10 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7439-14 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. 2024 жылға Тереңкөл ауданында шетелдіктер туристік жарна мөлшерлемелері хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болу құнынан 0 (нөл) пайызы мөлшерінде бекітілсін.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тереңкөл аудандық мәслихатының төрағасы Р. Габидулин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады