Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Тереңкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тереңкөл ауданы әкімдігінің "Тереңкөл ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы" 2021 жылғы 18 наурыздағы № 53 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7230 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тереңкөл ауданының әкімі | А. Мангутов |