Май ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 наурыздағы № 1/12 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 27 наурызда № 7516-14 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" № 117 бұйрығына сәйкес, Май аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Май ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі айқындалсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың білім, деңсаулық сақтау, мәдениет және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Май аудандық мәслихатының төрағасы М. Хызыр

  Май аудандық
мәслихатының 2024 жылғы
26 наурыздағы № 1/12
шешіміне қосымша

Май ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Май ауданының аумағындағы тұрақты тіркелген және тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі - қызметті алушы), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      -кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      -коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      -мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Тұрғын үй көмегін есептеуге енгізілген қызметті алушының шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.

      2. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға 5 (бес) пайыз мөлшерінде жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді органмен белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      3. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындауды "Май ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.

2 - тарау. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері

      4. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау төмендегі нормаларға сәйкес жүргізіледі:

      - электр плиталарын пайдаланатын тұтынушылар үшін - бір адамға айына 110 (жүз он) киловатт мөлшерінде;

      - электр плиталарын пайдаланбайтын тұтынушылар үшін - бір адамға айына 90 (тоқсан) киловатт.

      5. Тұрғын үй көмегі көрсетілген қызметті алушыларға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы цифралық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 295/НҚ бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

3-тарау. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі

      6. Отбасының еңбекке қабілетті мүшелері белсенді жұмыспен қамту шараларына қатыспайтын, күндізгі оқу нысаны бойынша оқымайтын, мерзімді қызметтің әскери қызметшілері болып табылмайтын, жұмыссыз ретінде тіркелмеген аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі тағайындалмайды:

      - үш жасқа дейінгі бала күтімімен айналысатын тұлғаларды;

      - мүгедектігі бар балаға, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамға, сексен жастан асқан, бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж қарттарға күтім жасайтын тұлғаларды;

      - уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімі екі айдан асатын аурулары бар тұлғаларды;

      - туберкулез, психоневрологиялық, онкологиялық диспансерлерде есепте тұрған тұлғаларды;

      - 30 (отыз) аптадан асқан жүкті әйелдерді қоспағанда.

      7. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкімет" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.

      8. Тұрғын үй көмегін көрсетуден бас "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығының 18-тармағында көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады.

4-тарау. Тұрғын үй көмегін төлеу

      9. Тұрғын үй көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру Май ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      10. Тұрғын үй көмектің артық төленген сомалары ерікті түрде қайтарылады, заңсыз алынған сомалар ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.

      11. Көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган жергілікті өкілді органдар айқындаған тәртіппен екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырады.

Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Майском районе

Решение Майского районного маслихата Павлодарской области от 26 марта 2024 года № 1/12. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Павлодарской области 27 марта 2024 года № 7516-14

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 97 Закона Республики Казахстан "О жилищных отношениях", Приказом Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 8 декабря 2023 года № 117 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи", Майский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить размер и порядок оказания жилищной помощи в Майском районе согласно приложению к настоящему решению.

      2. Контроль за выполнением данного решения возложить на постоянную комиссию районного маслихата по вопросам образования, здравоохранения, культуры и социальной защиты.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Майского районного маслихата М. Хызыр

  Приложение
к решению Майского
районного маслихата
от 26 марта 2024 года
№ 1/12

Размер и порядок оказания жилищной помощи в Майском районе

Глава 1. Общие положения

      1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам) (далее – услугополучатель), постоянно зарегистрированным и проживающим в жилище на территории Майского района, которое находится на праве собственности как единственное жилище на территории Республики Казахстан, также нанимателям (поднанимателям) жилища из государственного жилищного фонда и жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, на оплату:

      - расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума;

      - потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций;

      - расходов за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Расходы услугополучателя, принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.

      2. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, и предельно допустимым уровнем расходов услугополучателя на эти цели, установленный местным представительным органом в размере 5 (пяти) процентов.

      3. Назначение жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) осуществляется государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ Майского района" (далее – услугодатель).

Глава 2. Размер оказания жилищной помощи

      4. Назначение жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) производится в соответствии нижеследующим нормам:

      - для потребителей, использующих электрические плиты в размере – 110 (сто десять) киловатт в месяц на одного человека.

      - для потребителей, не использующих электрические плиты – 90 (девяносто) киловатт в месяц на одного человека.

      5. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам о ежемесячных взносах на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума согласно смете расходов и счетам на оплату коммунальных услуг за счет бюджетных средств услугополучателям.

      Выплата компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникации социально-защищаемым гражданам осуществляется в соответствии с приказом Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 июля 2023 года № 295/НҚ "Об определении размера и утверждении Правил компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам".

Глава 3. Порядок оказания жилищной помощи

      6. Малообеспеченным семьям (гражданам), в которых трудоспособные члены семьи не принимают участие в активных мерах занятости, не учатся по дневной форме обучения, не являются военнослужащими срочной службы, не зарегистрированы в качестве безработных жилищная помощь не назначается, за исключением:

      - лиц, осуществляющих уход за ребенком в возрасте до трех лет;

      - лиц, осуществляющих уход за ребенком с инвалидностью, лицом с инвалидностью первой или второй группы, престарелым старше восьмидесяти лет, которые нуждаются в постороннем уходе и помощи;

      - лиц, имеющих заболевания, по которым устанавливается срок временной нетрудоспособности более двух месяцев;

      - лиц, состоящих на учете в туберкулезном, психоневрологическом, онкологическом диспансерах;

      - беременных женщин сроком от 30 (тридцати) недель.

      7. Срок рассмотрения документов и принятия решения о предоставлении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе со дня принятия полного комплекта документов от Государственной корпорации, либо через веб-портал "электронного правительства" составляет 8 (восемь) рабочих дней.

      8. Отказ в оказании жилищной помощи осуществляется по основаниям предусмотренным в пункте 18 приказа Министра промышленности и строительства Республики Казахстан "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" от 8 декабря 2023 года № 117.

Глава 4. Выплата жилищной помощи

      9. Финансирование расходов на оказание жилищной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных бюджетом Майского района на текущий финансовый год.

      10. Излишне выплаченные суммы жилищной помощи подлежат возврату в добровольном порядке, неправомерно полученные суммы подлежат возврату в добровольном или в судебном порядке.

      11. Выплата жилищной помощи услугополучателю осуществляется услугодателем через банки второго уровня в порядке, определенном местными представительными органами.