Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар аудандық мәслихатының 2019 жылғы 22 қарашадағы "Павлодар ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы" № 62/275 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6637 болып тіркелді) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында 6 - тармақ мынадай мазмұндағы жаңа редақцияда жазылсын:
"6. Әлеуметтік қолдау бюджет қаражаты есебінен жылына бір рет 4 (төрт) айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде көрсетіледі.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар аудандық мәслихатының төрағасы | Ж. Шугаев |