Павлодар аудандық мәслихатының 2019 жылғы 22 карашадағы "Павлодар ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы" № 62/275 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 6 тамыздағы № 20/168 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 14 тамызда № 7580-14 болып тіркелді

      Павлодар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар аудандық мәслихатының 2019 жылғы 22 қарашадағы "Павлодар ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы" № 62/275 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6637 болып тіркелді) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында 6 - тармақ мынадай мазмұндағы жаңа редақцияда жазылсын:

      "6. Әлеуметтік қолдау бюджет қаражаты есебінен жылына бір рет 4 (төрт) айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде көрсетіледі.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар аудандық мәслихатының төрағасы Ж. Шугаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады