Қазақстан Республикасының "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңыны 8 бабы 1 тармағының 20-4) тармақшасына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласының спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласының спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларының) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы" 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 4/513 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1439 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. "Алматы қаласы Спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі | Е. Досаев |
Алматы қаласы әкімдігінің 2024 жылғы "__" _______ № ______ қаулысына қосымша |
Алматы қаласының спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама
командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына
кіретін спортшыларға, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан
Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың)
құрамдарында қатысатын спортшыларға ай сайынғы ақшалай жабдықталым
төлемдерінің мөлшері
Р/с | Спорттық іс-шараның атауы | Жүлделі орын |
Жабдықталым мөлшері |
1. | Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындары (жазғы, қысқы) | 1-і орын | 250 |
2-і орын | 200 | ||
3-і орын | 150 | ||
4-і орын | 90 | ||
5-і орын | 70 | ||
6-ы орын | 60 | ||
2. | Олимпиада ойындарында үміткер спортшылар (Қазақстан Республикасының ұлттық штаттық командасына енген) | Олимпиада ойындарына қатысу үшін лицензия | 80 |
3. | Жасөспірімдер Олимпиада ойындары (жазғы, қысқы); Спорттың Олимпиадалық, Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық түрлері бойынша Әлем чемпионаты (жазғы, қысқы) | 1-і орын | 130 |
2-і орын | 120 | ||
3-і орын | 110 | ||
4. | Азия ойындары; Жабық ғимараттардағы Азия ойындарын қоспағанда Азия Паралимпиада ойындары (жазғы, қысқы) | 1-і орын | 110 |
2-і орын | 100 | ||
3-і орын | 90 | ||
5. |
Жасөспірімдер Олимпиада ойындары (жазғы, қысқы); | 1-і орын | 90 |
2-і орын | 80 | ||
3-і орын | 70 | ||
6. | Азия кубогы, Спорттың олимпиадалық түрлері бойынша жастар мен юниорлар арасындағы Әлем чемпионаты, "Азия балалары" халықаралық спорттық ойындары | 1-і орын | 70 |
2-і орын | 60 | ||
3-і орын | 50 | ||
7. | Спорттың олимпиадалық түрлері бойынша жастар мен юниорлар арасындағы Азия чемпионаты, жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы Әлем чемпионаты | 1-і орын | 50 |
2-і орын | 40 | ||
3-і орын | 30 | ||
8. | Спорттың олимпиадалық түрлері бойынша жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы Азия чемпионаты | 1-і орын | 30 |
2-і орын | 25 | ||
3-і орын | 20 | ||
9. | Спорттың олимпиадалық түрлері бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты; Қазақстан Республикасының Спартакиадасы (жазғы, қысқы), Қазақстан Республикасының Паралимпиялық және Сурдлимпиадалық ойындары, тірек-қимыл аппараты, естуі мен көруі зақымдалған мүгедектігі бар спортшылар ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты | 1-і орын | 70 |
2-і орын | 60 | ||
3-і орын | 50 | ||
10. | Спорттың олимпиадалық түрлері бойынша жастар мен юниорлар арасындағы Жастар ойындары мен Қазақстан Республикасының чемпионаты | 1-і орын | 40 |
2-і орын | 30 | ||
3-і орын | 20 | ||
11. | Спорттың олимпиадалық түрлері бойынша жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты | 1-і орын | 20 |
12. | Ұлттық спорт түрлері бойынша ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты | 1-і орын | 55 |
2-і орын | 50 | ||
3-і орын | 45 | ||
13. | Жабық ғимараттардағы ұлттық және олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша ересектер арасындағы Азия чемпионаты мен Азия ойындары | 1-і орын | 60 |
2-і орын | 55 | ||
3-і орын | 50 | ||
14. | Ұлттық және олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша ересектер арасында Әлем чемпионаты | 1-і орын | 70 |
2-і орын | 65 | ||
3-і орын | 60 | ||
15. | Ұлттық және олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша жастар мен юниорлар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты | 1-і орын | 30 |
Олимпиадалық спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының құрама командаларына кіретін (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалары) спортшыларының жаттықтырушыларына ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері
Р/с | Спорттық іс-шараның атауы | Жүлделі орын |
Жабдықталым мөлшері |
1. | Ересектер арасындағы Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындары (жазғы, қысқы) | 1-і орын | 60 |
2-і орын | 50 | ||
3-і орын | 40 | ||
2. | Жасөспірімдер Олимпиада ойындары | 1-і орын | 50 |
2-і орын | 40 | ||
3-і орын | 30 | ||
3. | Ересектер арасындағы Әлем чемпионаты, Азия ойындары | 1-і орын | 40 |
2-і орын | 35 | ||
3-і орын | 30 | ||
4. | Ересектер арасындағы Дүниежүзілік универсиада, Азия чемпионаты | 1-і орын | 30 |
2-і орын | 25 | ||
3-і орын | 20 |