Алматы қаласының спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларының) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 4/513 қаулысы. Алматы қаласы әдiлет департаментінде 2017 жылғы 21 желтоқсанда № 1439 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 20 наурыздағы № 1/214 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 20.03.2024 № 1/214 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңының 8 бабы 1 тармағының 20-4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы 22 маусымдағы № 81-р "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 11 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" өкіміне сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы қаласының спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. "Алматы қаласының спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы" қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары А. Қырықбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Б. Байбек

  Алматы қаласы әкімдігінің
2017 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 4/513 қаулысына қосымша

Алматы қаласының спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама
командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың)
құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына,
сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы
құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында
қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық
командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым
төлемдерінің мөлшері

Спорттық жарыстар атауы

Орын

Айлық есептік көрсеткішпен (АЕК) ай сайынғы ақшалай жабдықталым мөлшері

 
1

Олимпиада және Паралимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері

1 орын

80

2 орын

75

3 орын

70

 
жаттықтырушылар

1 орын

40

2 орын

35

3 орын

30

 
2

Сурдлимпиада ойындарының, Азия ойындарының, Азия Паралимпиада ойындарының, әлем чемпионаттарының және мүмкіндігі шектеулі адамдардың арасындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер

1 орын

70

2 орын

65

3 орын

60

 
жаттықтырушылар

1 орын

35

2 орын

30

3 орын

25

 
3

Азия чемпионаттарының, әлем кубогы кезеңдерінің, Еуропа чемпионаттарының, Еуразия ойындарының және мүмкіндігі шектеулі адамдардың арасындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер

1 орын

60

2 орын

55

3 орын

50

 
жаттықтырушылар

1 орын

30

2 орын

25

3 орын

20

 
4

Еуропа және Азия кубоктарының, "Азия балалары" халықаралық спорттық ойындарының және мүмкіндігі шектеулі адамдардың арасындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер

1 орын

60

2 орын

55

3 орын

50

 
жаттықтырушылар

1 орын

30

2 орын

25

3 орын

20

 
5

Қазақстан Республикасы чемпионаттарының, Қазақстан Республикасы Спартакиадаларының, Қазақстан Республикасының Паралимпиада ойындарының және мүмкіндігі шектеулі адамдардың арасындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер

1 орын

55

2 орын

50

 
3 орын

 
45

 
жаттықтырушылар

1 орын

27

2 орын

22

3 орын

17

 
6

жасөспірімдер олимпиада ойындарының және мүмкіндігі шектеулі адамдардың арасындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер

1 орын

75

2 орын

70

3 орын

65

 
жаттықтырушылар

1 орын

37

2 орын

32

3 орын

27

 
7

жасөспірімдер мен жастар ойындарының және мүмкіндігі шектеулі адамдардың арасындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер

1 орын

30

2 орын

25

3 орын

20

 
жаттықтырушылар

1 орын

15

2 орын

10

3 орын

5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады