Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 127-бабының 3-тармағына және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 576-бабына сәйкес Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласы бойынша қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелері бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласы мәслихатының төрағасы | М. Отыншиев |
Алматы қаласы мәслихатының 2024 жылғы 15 сәуірдегі № 109 шешіміне қосымша |
Алматы қаласы бойынша қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін
төлемақы мөлшерлемелері
1. Стационарлық көздерден ластаушы заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
№ р/с | Ластаушы заттардың түрлері | 1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (аек) | 1 килограмм үшін төлемақы мөлшерлемелері (аек) |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Күкірт оксидтері (sox) | 20 | |
2. | Азот оксидтері (nox) | 20 | |
3. | Шаң және күл | 10 | |
4. | Қорғасын және оның қосылыстары | 3 986 | |
5. | Күкіртсутек | 124 | |
6. | Фенолдар | 332 | |
7. | Көмірсутектер | 0,32 | |
8. | Формальдегид | 332 | |
9. | Көміртегі монооксиді | 0,32 | |
10. | Метан | 0,02 | |
11. | Күйе | 24 | |
12. | Темір тотықтары | 30 | |
13. | Аммиак | 24 | |
14. | Алты валентті хром | 798 | |
15. | Мыс тотықтары | 598 | |
16 | Бенз(а)пирен | 996,6 |
2. Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағудан ластаушы заттарды шығарғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
№ р/с | Ластаушы заттардың түрлері | 1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (аек) |
1 | 2 | 3 |
1. | Көмірсутектер | 44,6 |
2. | Көміртегі тотықтары | 14,6 |
3. | Метан | 0,8 |
4. | Күкірт диоксиді | 200 |
5. | Азот диоксиді | 200 |
6. | Күйе | 240 |
7. | Күкіртсутек | 1 240 |
8. | Меркаптан | 199 320 |
3. Жылжымалы көздерден атмосфералық ауаға ластаушы заттарды шығарғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
№ р/с | Отын түрлері | Пайдаланылған отынның 1 тоннасы үшін мөлшерлеме (аек) |
1 | 2 | 3 |
1. | Этилденбеген бензин үшін | 0,66 |
2. | Дизель отыны үшін | 0,9 |
3. | Сұйытылған, сығылған газ, керосин үшін | 0,24 |
4. Ластаушы заттарды төгінділері үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
№ | Ластаушы заттардың түрлері | 1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (аек) |
1 | 2 | 3 |
1. | Нитриттер | 1 340 |
2. | Мырыш | 2 680 |
3. | Мыс | 26 804 |
4. | Оттегіні биологиялық тұтыну | 8 |
5. | Тұзды аммоний | 68 |
6. | Мұнай өнімдері | 536 |
7. | Нитраттар | 2 |
8. | жалпы Темір | 268 |
9. | Сульфаттар (анион) | 0,8 |
10. | Өлшенген заттар | 2 |
11. | Синтетикалық беткі белсенді заттар | 54 |
12. | Хлоридтер (анион) | 0,2 |
13. | Алюминий | 54 |
5. Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын көму үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
№ | Қалдықтардың түрлері | Төлемақы мөлшерлемелері (аек) | |
1 тонна үшін | 1 гигабеккерель (гбк) үшін | ||
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтағыштарда және арнайы бөлінген орындарда көмгені үшін: | ||
1.1. | Осы кестенің 1.2-жолында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, төлемақыны есептеу мақсаттары үшін қауіптілік қасиеттері ескерілетін қалдықтар: | ||
1.1.1. | Қауіпті қалдықтар | 4,005 | |
1.1.2. | Қауіпсіз қалдықтар | 0,53 | |
1.2. | Төлемақыны есептеу мақсаттары үшін қауіптілік қасиеттері ескерілмейтін қалдықтардың жекелеген түрлері: | ||
1.2.1. | Коммуналдық қалдықтар (қатты тұрмыстық қалдықтар, кәріздік тазарту құрылыстарының тұнбасы) | 0,38 | |
1.2.2. | Тау-кен өндіру өнеркәсібінің және карьерлерді игеру қалдықтары (мұнай мен табиғи газды өндіруден басқа): | ||
1.2.2.1 | Аршынды жыныстар | 0,004 | |
1.2.2.2 | Жанасқан таужыныстары | 0,026 | |
1.2.2.3 | Байыту қалдықтары | 0,02 | |
1.2.2.4 | Шлактар, шламдар | 0,038 | |
1.2.3. | Құрамында пайдалы қазбалар бар кенді, концентраттарды, агломераттарды және шекемтастарды қайта өңдеу, қорытпалар мен металдар өндірісі кезінде металлургиялық қайта жасауда түзілетін шлактар, шламдар | 0,038 | |
1.2.4. | Күл және күл шлактары | 0,66 | |
1.2.5. | Ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары, оның ішінде қи, құс саңғырығы | 0,002 | |
1.2.6 | Радиоактивті қалдықтар: | ||
1.2.6.1. | Трансуранды | 0,76 | |
1.2.6.2. | Альфа-радиоактивті | 0,38 | |
1.2.6.3. | Бета-радиоактивті | 0,04 | |
1.2.6.4. | Шынақты радиоактивті көздер | 0,38 |