ШЕШТІМ:
1. Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің 2019 жылғы 15 қазандағы № 2 "Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1591 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген шешімнің қосымшасындағы № 11, 27 сайлау учаскелерінің орталықтарының атаулары осы шешімнің қосымшасына сәйкес өзгертілсін.
2. "Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Алматы қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді оның ресми жариялағаннан кейін Алматы қаласы Алатау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Б. Сабитов |
КЕЛІСІЛДІ: |
|
2024 жылғы 26 тамыздағы № 2 шешіміне қосымша |
№ 11 сайлау учаскесі (Орталығы: "ACADEMY MIRAS" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Алматы қаласы, Ақбұлақ шағынауданы, Шәріпов көшесі, 47).
№ 27 сайлау учаскесі (Орталығы: "ACADEMY MIRAS" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Алматы қаласы, Ақбұлақ шағынауданы, Шәріпов көшесі, 47).