Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының 2025 жылға арналған бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданды мәслихатының 2024 жылғы 27 қарашадағы № 8-21-12 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 29 қарашада № 7833-15 болып тіркелді

      Ескерту. 01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі – осы шешімнің 2-тармағымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері 2025 жылға салық кезеңінде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 (төрт) пайыздан 3 (үш) пайызға дейін төмендетілсін.

      2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық
мәслихатының төрағасы
Г. Абулкаирова

О понижении размера ставки налогов при применении специального налогового режима розничного налога на 2025 год в Айыртауском районе Северо-Казахстанской области

Решение Айыртауского районного маслихата Северо-Казахстанской области от 27 ноября 2024 года № 8-21-12. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 29 ноября 2024 года № 7833-15

      Сноска. Вводится в действие с 01.01.2025 в соответствии с пунктом 2 настоящего решения.

      В соответствии с пунктом 5 статьи 696-3 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) маслихат Айыртауского района Северо-Казахстанской области РЕШИЛ:

      1. Понизить размер ставки корпоративного или индивидуального подоходного налога, за исключением налогов, удерживаемых у источника выплаты, при применении специального налогового режима розничного налога в Айыртауском районе Северо-Казахстанской области с 4 (четырех) процентов на 3 (три) процента по доходам, полученным (подлежащим получению) за налоговый период в 2025 году.

      2. Настоящее решение вводится в действие с 1 января 2025 года и подлежит официальному опубликованию.

      Председатель Айыртауского районного маслихата
Северо-Казахстанской области
Г. Абулкаирова